ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы сарапшыларының Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен және халықаралық сарапшылармен кездесуі өтті, оның барысында бірге жүретін адамы жоқ және ажырап қалған балаларға назар аудара отырып, көші-қон процестеріндегі балалардың қажеттіліктеріне жауап беру бойынша қазақстандық ұлттық жүйенің әлеуетіне талдау жүргізу мәселелері талқыланды.
Бірге жүретін адамы жоқ және ажырап қалған балалар – бұл өзінің ата-анасынан немесе қамқоршысынан айырылған балалар. Егер оларды басқа ересек туыстары бірге алып жүрсе, олар ажырап қалған деп есептеледі, егер олармен бірге ересек туысы болмаса, олар бірге жүретін адамы жоқ деп есептеледі.
4 өңірде: Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және Түркістан облысындағы жағдайға талдау жасалынады.
Орталық Азия едәуір дәрежеде, негізінен экономикалық жағынан көші-қон мәселесін бастан кешуде. Қазақстан сыртқы мигранттар кіретін және олардың транзитінің, сондай-ақ балалары бар отбасылардың ішкі көшіп-қонуын бастан кешірген елдерге жатады.
Осыған байланысты, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әріптестікте “Орталық Азиядағы көші-қон процестерінде балаларды қорғау” бағдарламасын іске асырады, оның мақсаты Бағдарламаға қатысушы елдердің үкіметіне көші-қон процестеріне ұшыраған балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады.
Зерттеу мынадай мәселелерді қамтиды: бірге жүретін адамы жоқ және ажырап қалған балалардың (НРД) негізгі сипаттамасы; оларды анықтаудың негізгі жолдары; НРД-ға қатысты мәртебені, процедураларды және қызметтерді реттеу; құқықтық және операциялық базалардың халықаралық стандарттарына сәйкестігі; НРД балалармен жұмыс жөніндегі негізгі мамандардың рөлі мен функциялары; скрининг және балаларды мамандарға жіберу; мамандардың НРД қорғау, кемсітпеушілік, ұстамау стандарттарын білуі, бала мүддесінде ұзақ мерзімді шешімдерді анықтау.
Талдау жүргізу үшін Орталық Азия өңірінде көші-қон процестеріне ұшыраған балалармен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, 10 өтініш берушіден таңдап алынған Маастрихт жоғары басқару мектебі (Нидерланды) тартылатын болады. ҚДСҰО мамандары да талдау жөніндегі Жұмыс тобына кіреді.