2019 жылғы 8 ақпанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен «Қазақстан кәсіподақтарының спорттық-сауықтыру қоғамы» ҚҚ арасында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Құжаттың мақсаты: қоғамдық денсаулық сақтау саласында тараптардың ынтымақтастығын дамыту.
Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру; қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын, техникалық инспекторларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; өндірістік гимнастиканы, физкульт-паузаларды өткізу, спорттық секцияларды ұйымдастыру бойынша методикалық ұсыныстарды әзірлеу және т.б. бағыттар бойынша жұмыс істеуге ниет білдірді.
Меморандум шеңберінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға (дене шыңықтырумен, өндірістік гимнастикамен шұғылдану), өндіріспен байланысты кәсіби ауруларды төмендетуге, еңбек қауіпсіздігін сақтауға бақытталған бұқаралық-спорттық және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.