Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және «Астана» оқу-клиникалық орталығы қол қойған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде ОКО-ның нұсқаушылары «Эйч энд Эм Хеннес энд Мауриц Казахстан» ЖШС қызметкерлеріне балаларға және ересек пациенттерге шұғыл көмек көрсетуді үйретті.
Компания қызметкерлері адам есінен танған кезде тез және дұрыс іс-әрекет етуді, автоматты сыртқы дефибриллятор қолдану және жасанды дем алдыру, жүрекке тікелей емес массаж жасау; бет пердені және Амбу қабын (өкпеге ауаны уақытша жасанды жіберуге арналған механикалық қол құрылғысын) қолдану; жоғарғы тыныс жолдарын бөгде дене жапқан кезде Геймлих әдісін орындау (өзіне өзі көмек беру); электр тоғы ұрған кезде алғашқы көмек көрсету және оқиға жерінде күйіктерді өңдеу сияқты дағдыларды үйренді.
Іс-шарадан күтілетін әсер – бұл халықаралық үздік іс-тәжірибеге сәйкес оқиға жерінде алғашқы медициналық көмек беруді дұрыс ұйымдастыруға ықпал ету және оның салдары ретінде сырқаттанушылықтың және ауруханаға жатқызуға дейінгі өлім-жітімнің азаюы.
«Астана» ОКО алдыңғы қатарлы симуляциялық технологияларды қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне және басқа да қызметкерлерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын 10 жылдан астам үйретуде. Орталықтың нұсқаушыларының халықаралық тренерлер сертификаттары бар.