Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік шеңберінде азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, жекеменшік сектор және халықтың мүдделі топтары біріккен күшпен ұйымдардың бірде-біреуі жеке қамтамасыз ете алмайтын денсаулық көрсеткіштерін жақсарта алады.
Осыған байланысты, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы құрылғанынан бастап-ақ халықаралық және қоғамдық бірлестіктермен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен Меморандумдар жасасты.
Олар – ЮНИСЕФ БҰҰ-ның Балалар қоры, «Назарбаев Университет» автономиялық білім беру ұйымы, Астана Медицина университеті, Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті, «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университеті, ҚР Президент іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы, «PrimaryHealthCare» ұлттық қауымдастығы, «Медицинадағы симуляциялық оқыту мен тәуелсіз сараптама одағы» және басқалар.
Тараптар Қазақстанды халықаралық қоғамдастықтағы позициясын көрсетуге мүмкіндік беретін «Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» Ұлттық желісін құру, «Орталық Азия және Кавказ елдерінде әлеуетті және серіктестікті дамыту өңірлік тұғырнамасын» іске қосу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары және қауіп-қатер факторларының, инфекциялық емес аурулардың таралуын ұлттық зерттеу, қоғамдық денсаулық сақтау талаптарына сай келетін, бәсекелестікке қабілетті менеджерлерді даярлау және басқа бағыттарда өзара іс-қимыл жасауға ниетті.
Мысалы, ЮНИСЕФ-пен жасасқан Меморандумның шеңберінде Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі суб-өңірде ана мен баланың тамақтануын жақсарту бойынша жоспар құрылды, ҚР Президент іс басқармасы медициналық орталығымен Жастар денсаулық орталықтарының қызметі бойынша, Астана Медицина университетімен қазақстандықтардың тамақтану және тұзды, қантты, трансмайларды пайдалану мәселелері бойынша, ҚММУ-мен антибиотиктерге сезгіштікке жобалық медицинада жүргізілетін зерттеулер саласында, стандарттарды әзірлеу бойынша, «PrimaryHealthCare»-мен Ауруларды басқару бағдарламасын оқыту бойынша бойынша жоспар құрылды.
Медицинадағы симуляциялық оқыту мен тәуелсіз сараптама одағымен бірге Сау әдеттер Марафоны, медициналық жедел жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы, ДДҰ МСАК жөніндегі Алматы декларациясы қабылдануының 40 жылдығына арналған Жаһандық Халықаралық конференция шеңберінде «Сөзден іске/WalktheTalk/От слов к делу» акциясы өткізілді.
Маңызды оқиғалардың бірі –96 елден құралатын 110 мүшесі бар IANPHI қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институттарының кәсіби қауымдастығына мүше болу.
Серіктестікті дамыту Ұлттық орталыққа қоғамның мүддесі үшін денсаулық сақтау саласына ұлттық және ғаламдық деңгейлерде үлес қосудың тиімділігін арттыруға, денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарымен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.