2018 жылғы 23 желтоқсанда Астанада Қазақстанның Денсаулық елшілері Марат Жыланбаевтың (Гиннес рекордтар кітабына рекорды 7 рет енген, әлемдегі ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен жалғыз адам) және Ибрагим Ескендірдің (кәсіпқой боксшы, Probox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы, әнші, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері) қатысуымен «Мүмкіндік шегінен тыс» ұранымен жыл сайынғы 2-ші «Аstana Winter Marathon-2018» марафоны өтеді.
Жарысқа 12 жастан 74 жасқа дейінгі 1600-ден астам адам және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шараның бас спорттық кеңесшісі – Марат Жыланбаев.
300-ден астам адам Қазақстанның, Ресей және Украинаның әртүрлі қалаларында да жүгірді.
Жарыстың мақсаттары: халықты ауа-райы жағдайына қарамастан, таза ауада дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға шақыру; спорттық туризм саласында бұқаралық спортты және Астананың әлеуетін дамыту; жас спортшыларды қолдау.
Жарыстың бағдарламасында: 21 км, 10 км және 5 км қашықтыққа жүгіру.
Жүгіруге қатысуға 21 км жартылай марафонға – 18 жастағылар және одан жоғарылар; 10 км қашықтыққа серіктесіп жүгіру – 14 жастағылар және одан жоғарылар және 5 км қашықтыққа – 12 жастағылар және одан жоғарылар жіберілді.
Жеңімпаздар медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
5 км қашықтықта ерлер арасында бірінші орынды Серік Ысмайылов, әйелдер арасында Адель Шахайдар, 10 км қашықтықта – Астана медицина университетінің студенті Мирас Жетібаев және Зарина Ментаева иеленді.
Мирастың бауыры Диас та үшінші болып жүгіріп келді (ағайындылар – егіздер).
Ең қашық дистанцияда (21 км) бірінші орынға Базарбай Дәуітәлиев және Татьяна Миргородская ие болды.
Финишке жеткен қатысушыларға естелік медальдар берілді.
Қысқы бастамалар қатысушыларға эмоциялар алуға және дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, өздерін жеңуге мүмкіндік берді.