Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, Орталық директоры Уәлихан Ахметов былай деді: «Жаңа Қазақстанның қалыптасуын, тәуесіздік алғанымызды және өз тағдырымызды өзіміз шеше алатындығымызды білдіретін осы күні халқымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалды».
«Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз экономиканы дамытуда жетістіктерге жетуде, әлеуметтік саланы нығайтуды жалғастыруда және демократиялық өзгерістер енгізуде», – деп айтып өтті Уәлихан Ахметов.
«Көп ұлтты еліміздің өмірінде осындай елеулі оқиғаны мерекелей отырып, біз келешекке сеніммен және үлкен үмітпен қараймыз!», – деп айтты Орталық директоры.
Ол жиналғандарға денсаулық, зор бақыт және Қазақстанның игілігі үшін жасалатын жетістіктер тіледі.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлестері мен жемісті еңбектері үшін бірқатар Орталық қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.