ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысумен өткен Денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелері бойынша республикалық кеңес шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» Ұлттық желісі жобасын іске асыру бойынша Жол картасын ұсынды.
Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация департаменттерінің және медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.
ДДСҰ-ның «Салауатты қалалар» Еуропалық желісіне 1800-ден астам қала және 55 ел кіреді. Жобаның мақсаты – халық денсаулығын қала саясатының басты бағыттарының біріне айналдыру. Бұл – денсаулық сақтау үшін қолайлы орта құру, өмір сапасын арттыру, негізгі санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерді және медицина қызметінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
Жобаға қосылу олардың орталықтандырылмау негізіндегі сауықтыру бағдарламаларының тиімділігін қарауға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін, қала тұрғындарының денсаулық индексін арттыруға, олардың физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» Ұлттық желісін құру мақсатында 2018 жылғы тамызда 2018-2021 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Ұлттық желі ДДСҰ-ның «Салауатты қалалар» жобасы сияқты көзқарастарға негізделген.
«Салауатты қалалар (өңірлер)» жобасы өмір сүру үшін қауіпсіз жағдайлар жасау және медициналық қызметтің бәріне бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, физикалық белсенділікке және спортпен айналысуға жағдай жасау, ауаның және судың ластануын азайту үшін әкімдіктердің, әртүрлі қызметтердің (полиция, экологиялық қадағалау, коммуникациялық және коммуналдық қызметтер және басқ.) күштерін біріктіруге бағытталған. Бұл – жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге арналған жолдар салу, жол-көлік оқиғаларын азайту және қала тұрғындарының қозғалыс белсенділігін арттыру үшін қала магистральдарында арнайы көлікке арналған жолақтарды қосымша бөлу. Жобаға қатысушы қаланың инфрақұрылымын құруды және жақсартуды қолдайтынын көрсетуі тиіс.
ҚДСҰО «Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» тұрақты жұмыс істейтін конкурсты өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірледі. Ұсынымдар Орталық сайтының «Талқылау үшін жобалар» бөлімінде орналастырылған.
Ұлттық желіге облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, басқа да елді мекендер кіре алады.
Ұлттық желіге кіру кезінде мынадай бөлімдер бойынша ақпарат беру қажет: қаланың (өңірдің) аумақтық сипаттамасы, демографиялық, халықтың әлеуметтік-экономикалық, елді мекеннің қоршаған ортасының және экологиясының жағдайлары, қаланың (өңірдің) денсаулық сақтауды және инфрақұрылымды дамыту деңгейі, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрландыруды және технологияларды енгізу, бұл жергілікті атқарушы органдардың халық денсаулығын жақсарту бойынша жұмысының тиімділігі көрсеткіштерінің біріне айналады.
Қарқынды даму алған урбанизация жағдайында қалалар мемлекеттердің өркендеуінде және қаланың билік өкілдерінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын саны көбейіп келе жатқан халықтың денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауда үлкен рөл атқаратын болады.
Ұлттық желіге кіру Қазақстан қалаларына (өңірлеріне) Еуропаның «Салауатты қалалар» жобасына кіретін 1800 қаласының бірімен өзара серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.