Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшылығы «Атамекен» КҰП, ғылыми-зерттеу институттарының және ҮЕҰ өкілдерімен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ҚазҒЗИ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Профилактикалық медицина Академиясының, Қазақстан астық өңдеушілер жəне нан пісірушілер одағының, «Май өнімдерін шығаратын және пайдаланатын қазақстандық одақ» ЗТБ, Қазақстан кондитерлері, Алькогольсіз сусындар және шырындар өндірушілер қауымдастықтарының, Алькогольсіз сусындар өндірушілердің Ресей одағының және басқа ұйымдардың басшылары және өкілдері қатысты.
Кездесу барысында халықтың тамақтануын жақсарту механизмдерін құру мәселелері бойынша, сондай-ақ дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға байланысты біріккен іс-шараларды ары қарай жүргізу бойынша белсенді диалог жүргізілді. Қатысушылар базарларда сатылатын тағам өнімдеріне бақылауды күшейту, сырттан әкелінетін өнімдерге қойылатын талаптарды қатаңдату, ТМД елдері заңнамаларының талаптарын синхрондау арқылы отандық өндірушілерді қорғау туралы ұсыныстар енгізді.
«Май өнімдерін шығаратын және пайдаланатын қазақстандық одақ» ЗТБ өкілдері тағамдық тоң-май өнімдерін фальсификациялау мәселелері бойынша сөз сөйледі. Қазақстан кондитерлері қауымдастығының өкілдері кондитерлік өнімдер қауіпсіздігін бақылауды күшейту мәселесіне, Алькогольсіз сусындар және шырындар өндірушілер қауымдастығының өкілдері шектеу қою бастамаларының алкогольсіз сусындар саласына әсер етуіне тоқталды. Алькогольсіз сусындар өндірушілердің Ресей одағының өкілдері Ресейдегі алькогольсіз сусындар индустриясындағы өзін-өзі реттеу тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша ары қарай ынтымақтастық, дұрыс тамақтану бойынша жүргізілетін іс-шараларға бизнес қауымдастығын, ЖОО-ларды тарту туралы келісімге келді. Кездесуге қатысушылар халықты тамақтану туралы ақпараттандыру мақсатында материалдарды берген кездегі БАҚ жауапкершілігін күшейту, қызметі әлеуметтік белсенділік, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша бірлескен шешімдерге, ғылыми зерттеулерді қолдауға, бұқаралық іс-шараларға және т.б. бағытталатын «За здоровое питание» альянсын құру туралы бастамаларды қолдады. Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ҚазҒЗИ өкілдері салааралық зерттеу жобаларын іске асыру бойынша басты бағыттарды бірге анықтауды ұсынды.
Жалпы, Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар осындай диалог алаңын дамыту қажеттілігін атап өтті.