ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұжымы әріптестерін – директордың кеңесшісі Дәулетхан Есімовты, СӨСҚ орталығының бөлім басшысы Зарина Керуенованы және Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Қорлан Саменованы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және Медициналық – санитариялық алғашқы көмек бойынша жаһандық конференциясына 40 жыл» естелік белгісімен марапатталғанымен құттықтайды.
Марапаттарды а.ж. 29 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жаһандық конференцияның қорытындыларына арналған салтанатты іс-шарада табыстады.
Біз Дәулетхан Серғазыұлына, Зарина Ибрагимқызына және Қорлан Саменқызына табысты, жемісті еңбек, әрі қарай шығармашылық ізденіс, бақыт, зор денсаулық тілейміз!