27 қарашада өз жұмысын бастаған VIII Азаматтық форум шеңберінде «Адамдар. Кедейлікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмір сүруді қамтамасыз ету, білім» сессиясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатывалдеев «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығын құру, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау» тақырыбында баяндама жасады.
Ол Орталықтың әлеуетті нығайту, негізгі жедел функцияларды жүзеге асыру және халық арасында қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету жөнінде мемлекет саясатын іске асыратын басты кәсіпорын болып табылатындығын атап өтті.
«ҚДСҰО қоғамдық денсаулық сақтау саласында ұлттық саясат мәселелері бойынша қолдау көрсететін, басымдықты айқындайтын IANPI қоғамдық денсаулық сақтау институттарының Халықаралық қауымдастығына кірді», – деп хабарлады Руслан Сатывалдеев.
«Инфекциялық аурулардың алдын алу және оларды азайту үшін ҚДСҰО халықаралық медициналық-санитарлық қағидалардың талаптарын іске асыру мақсатында ДДСҰ байланыс пунктімен қатынасатын ұлттық үйлестіруші болып белгіленді», – деп атап өтті Руслан Сатывалдеев.
«Дұрыс тамақтану мәдениеті» жобасының шеңберінде Орталық дұрыс тамақтану өнімдері нарығын ұлғайтуға бағытталған отандық кәсіпкерлер мен бизнесқұрылымдарды субсидия беру арқылы қолдау тетігін әзірлеуді, құрамында тұз, май, қант деңгейі жоғары тағам өнімдерін реттеу және оларға салық салу бөлігінде заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.
2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан, ҚДСҰО Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеудің барлық аспектілерін қамтитын «Салауатты жастық шақ» кешенді бағдарламасын ұсынады.
ДДСҰ-мен бірге, 2019-2020 жж. ішінде мыналар жүргізіледі: STEPS стандартталған әдістемесіне сәйкес инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатері факторларының таралуы жөніндегі жалпыұлттық зерттеу, ҚР халқының тұзды, қантты және трансмайлы қышқылдарды пайдалану деңгейін анықтау бойынша зерттеу, сондай-ақ ересек адамдар арасында темекі тарту туралы жаһандық сауалнама (GATS).
Барлық жоспарланатын іс-шаралар жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ-мен бірге жүргізілетін болады, бұл қоғамның ұйымдастырушы күштері арқылы аурулардың алдын алуға, адамдардың өмір сүруін ұзартуға және денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.