ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) IANPHI – қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институттарының кәсіптік қауымдастығының мүшесі болды.
IANPHI Атқарушы кеңесі 2018 жылы 12 қарашада орталықтың басшылығына жолдаған хатында осы туралы хабарлады. Желі мүшелері: «Сіздің институт білім алмасу, ынтымақтастықты дамыту және колзертхана үшін қоғамдық денсаулық сақтау көшбасшыларының қоғамын құру жұмысымен шұғылданатын қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институттарының (ҚДСҰИ) кәсіптік қауымдастығына қосылу туралы шешім қабылдағаны біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті.
IANPHI 2006 жылы құрылған және құрамында 96 елден 110 мүшесі бар желіден, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институттарынан, Атқарушы кеңестен және Секретариаттан тұрады. Секретариат функциясын екі бөлімше атқарады: Париждегі Секретариат (қабылдаушы тарап болып Француз қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі белгіленген) және Эмори Университеті Жаһандық денсаулық сақтау институтында тірек ететін Атлантадағы АҚШ бөлімшесі.
Өңірлік өкілдікке сәйкес сайланатын Атқарушы кеңестің мүшелері Қауымдастық Жарғысына байланысты, жалпы басқару туралы шешім қабылдауға арналған конференц-байланыс арқылы жылына үш реттен сиретпей кездеседі. Бас ассамблея жылына бір рет жиналады, президент, вице-президент және атқарушы кеңестің мүшелерін сайлайды және жаңа мүшелерді бекітеді.
Жыл сайын әртүрлі іс-шаралар жүргізіледі, олар мүшелердің тұрақты кездесуіне және ақпарат алмасуына мүмкіндік береді: бұл Африкадағы, Азиядағы және Латын Америкадағы өңірлік Қауымдастық кеңестерімен бірге өтетін IANPHI жаһандық кеңесі және Еуропадағы кеңес. Бұл іс-шаралар қоғамдық денсаулық сақтау институттарының басшыларына денсаулық сақтаудың жаһандық мәселелері бойынша пікір алмасуға, қоғамдық денсаулық сақтау саласында сараптамалық білімді және әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық денсаулық сақтау институттары басшылығының тәжірибе алмасуға бейілділігі және дайындығы өңірлік және халықаралық ұйымдарға өзара қолдау көрсетуді және олармен басқа да серіктестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.
Көп жыл бойы IANPHI «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институттарын құру және дамыту негіздері», «Кезеңдік даму құралы», «Озық тәжірибе» және «Бір дәрежелік бағалайтын ҚДСҰИ» сияқты құралдарды әзірледі. Қауымдастықтың http://www.ianphi.org/ веб-сайты жұмыс істейді.
IANPHI-ге кіру ҚДСҰО-на ұйымдасқан қоғам күші арқылы инфекциялық ауруларды бақылау, экологиялық қауіптіліктерді басқару, денсаулық үшін қолайлы жұмыс орындарын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды басқару; әлеуметтік денсаулық детерминантын жақсарту және денсаулыққа қатысты проблемаларды олар пайда болғанға дейін болдырмау жолымен халық денсаулығын қорғау бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.