Осы жылдың 12 және 16 қараша аралығында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өткізіледі, оның негізгі тақырыбы «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдама рухында адамның, жануарлардың денсаулығын қолдауды жақтау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.
Бүгін Дүниежүзілік апталығы аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-мен және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, онда Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға төзімділікті азайту, антибиотиктердің зияны мен пайдасы, антибиотиктерді ҚР ветеринарлық қызметінде пайдалану және т.б. мәселелер талқыланды.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уалихан Ахметов дөңгелек үстелге қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, Денсаулық сақтау министрлігінің бастамаларына тоқталды. Бұл – микробқа қарсы препараттарға резистенттілікті қадағалау жөніндегі Ұлттық жүйесін құру туралы жобаны іске асыру, ҚР-да микробқа қарсы препараттарға төзімділікті азайту бойынша Ұлттық жоспарды бекіту, Жол картасын ҚР ДСМ Ғылыми-үйлестіру кеңесінің бекітуіне ұсыну, сондай-ақ дәріханалардағы дәрілерді, олардың ішінде антибиотиктерді рецепт бойынша сату мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру.
Уалихан Ахметов микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің артуына әсер ету және оны шектеу үшін қоғамның барлық деңгейлерінде шара қолдану керектігін айтты. Олардың негізгілері: антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана пайдалану туралы халықтың хабардар болуы, медицина қызметкерінің ұсынымдарын орындау; медицина қызметкерлерінің препаратты рецептпен беруді және ауыл шаруашылығы мамандарының жануарлардың өсіруін тездету немесе дені сау жануарларда аурулардың алдын алу үшін қолдануға жол бермеуді қосқанда антибиотиктерді дұрыс пайдалану бойынша хабардар болуы; микробқа қарсы резистенттілікті мониторингілеу бойынша зертханалық диагностикалауды жақсарту.
Антибиотиктерге төзімділік дүние жүзіндегі халық денсаулығына төнетін қауіптілікті арттыруда. Дәрілерге төзімді бактериялар тудыратын көптеген инфекциялардың нәтижесінде өлім-жітім жағдайын есептеу саны дүние жүзінде жыл сайын 700 000-ды құрайды. Тек Еуропалық одақтың өзінде 33 000-ға жуық адам қайтыс болады және бұл сан артуда.
Ортақ экожүйенің болуы бір микроорганизм адамдарға да, сонымен қатар жануарларға да зиян келтіруіне әкеледі; бұл ретте жануарлар адам ауруларының 60%-ның көзіне айналады. Сондықтан адамның, жануардың денсаулығын қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күресудің ажырамас бөліктері болып келеді.
Қазіргі кезде «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасын қолдану Еуропа және дүние жүзі халқының денсаулығын сақтау саласында прогреске жетудің тиімді әдісі болып табылады. Осыған байланысты, жануарларды және адамды инфекциялық аурулардан емдеу үшін пайдаланылатын микробқа қарсы препараттарға мұқият болып, оларды абайлап қолдану керектігі; жануарларға инфекция жұқтыратын микроорганизмдерде төзімділіктің дамуын болдырмау, осымен бір уақытта адамдарды да қорғау керектігі; бүкіл секторларда және барлық деңгейде жүргізілетін іс-қимылдарға бүкіл қоғамның және мемлекеттің қатысуын қамтамасыз ету қажеттігі маңызды.
Дүниежүзілік апталығы аясында ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы үкіметтерді «Бірыңғай денсаулық» тәсілін қолдануға шақыру үшін Еуропаның және Орталық Азияның ДДСҰ тамақ және ауыл шаруашылығы ұйымының өңірлік бөлімшесімен және Орталық Азия бойынша ЖДДСҰ субөңірлік өкілдігімен күш біріктіргенін айта кету керек. Микробқа қарсы препараттар мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде кеңінен қолданылатындықтан, тағамдық тізбек инфекция берілуінің маңызды жолы болып табылады.
«Бірыңғай денсаулық» тәсілін қолдану адамның, жануарлардың денсаулығын және қоршаған ортаның тазалығын сақтау сияқты секторларда іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Төзімді бактериялар, вирустар және паразиттер ештеңеге тоқтамайды. Демек, проблеманы шешу үшін қоғамдық денсаулық сақтау, ветеринария және қоршаған ортаны қорғау секторлары күш біріктіру керек.
Адам денсаулығын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі – тасымалдаушылары жануарлар болып табылатын микроорганизмдерге төзімділікті арттыру мүмкіндігін төмендету.