Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған «Алматыдан – денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту және тұрақты даму мақсаттарына дейін» жаһандық конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің белгілі спортшылары, әншілері және актерларымен кездесті. Кездесу барысында оларға «Денсаулық елшісі» атағы берілді.
«Денсаулық елшілері – өңер, спорт, эстрада әлеміндегі белгілі тұлғалар өз қызметтері аясында салауатты өмір салтын қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Танымал адамның басқаларға қарағанда салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауы әлдеқайда тиімді болады», – деді Елжан Біртанов.
Ол қарапайым іс-әрекеттер әр адамға аурудың алдын алуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Олар: темекі шегуден, алкогольдан, мөлшерден тыс қант, тұз, зиянды майларды тұтынудан бас тарту, жемістер мен көкөністерді, суды, физикалық белсенділікті, жаттығуларды, жүгіруді, жаяу жүруді, велосипед айдауды таңдау және т.б.
«Менің білуімше, бүгінгі күні көптеген спортшылар, әншілер, актерлар темекі тартпайды, ішпейді, дұрыс тамақтанады, физикалық белсенділікпен шұғылданады. Салауатты өмір салтын ұстанушы ретінде, сіздер адамдарды, жанкүйерлеріңізді, жастарды, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тарта аласыздар», – деді министр.
Еліміздің ең алғашқы Денсаулық елшілері: Юрий Мельниченко, грек-рим күресі бойынша олимпиада чемпионы (1996 жыл, Атланта, АҚШ); Қарақат Әбілдина, «Қарақат» эксклюзивті музыкалық мектеп-студиясының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Нұрлан Әлімжанов, актёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Қайрат Нұртас, әнші; Ибрагим Ескендір, әнші, кәсіпқой боксшы. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері және Данияр Жұмаділов, «Спарта-Астана» КТК тобының капитаны, РФ-да 2017 жылы өткен Жоғары лигасының жеңімпазы.
Өз кезегінде, Денсаулық елшілері ҚР Денсаулық сақтау министріне бастамасы үшін алғыстарын білдіріп, салауатты өмір салтын насихаттау үшін бар күш-жігерлерін жұмсап, өз қызметтерінде және әлеуметтік желілердегі беттерінде өздерінің пікірлерін салауатты өмір салтының пайдасы туралы тарататындығын, адамдарға дұрыс тамақтануға, спортпен шұғылдануға және т.б. шақыратындығын айтты.
Одан кейін Елжан Біртанов Денсаулық елшілеріне төс белгілерін және сертификаттарын тапсырды. Сәттілік тілеп, олар өздерінің беделінің арқасында жастар мен үлгі тұтатындарды салауатты өмір салтына тартатындығына сенім білдірді.
Сондай-ақ, 2018 жылы 24 қазанда Астана қаласының Ботаникалық бағында өтетін
«Сөзден іске/WalktheTalk/От слов к делу» акциясына және Жаhандық конференцияға қатысуға шақырды.