«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында Мемлекет Басшысы тұрғын үйдің қолжетімділігінен және сәнді қауіпсіз ауладан, тұрмыс және еңбек ету үшін қолайлы елді мекеннен және сапалы инфрақұрылымнан тұратын ыңғайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Қоғамдық денсаулық сақтау қоршаған ортаны жақсарту, аурулардың алдын алу, темекі тарту, ішімдік ішу, қантты, тұзды, «жаман» майларды шамадан көп пайдалану сияқты зиянды факторларды жою арқылы адамның денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Біздің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жоспарында – жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Салауатты қалалар (өңірлер)» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасын іске асыру.
Казіргі кезде денсаулықтың медициналық моделі, денсаулық – табыс деңгейін, тұрғын үй сапасын, қалалардың абаттандырылыуын, көліктік инфрақұрылымның дамуын, медициналық көмек сапасын, экологиялық жағдайды және т.б. қосқандағы бірқатар әсер ету факторлардың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік модельмен ығыстырылуда. Бұл факторлар аурулардың және мезгілден бұрын қайтыс болу қауіптерін арттыра немесе азайта отырып, адамдардың тұрмысына әсер етеді.
«Салауатты қалалар (өңірлер)» жобасын іске асыру қауіпсіз өмір сүру, физикалық белсенділік және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасауға, ауаның және судың ластануын азайтуға мүмкіндік береді. Осылардың барлығы және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, қала магистральдарында ауаның ластануын азайту, жол-көлік оқиғаларының санын төмендету және адамдардың қимыл белсенділігін арттыру мақсатында арнайы көлік үшін қосымша жолақтарды бөліп беру халық денсаулығына әсер етеді. Мысалы, ірі қалаларда, оның ішінде Астана, Алматыда велосипед жолдарын салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жобаға қатысушылар халықтың физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын қамтамасыз ету үшін қала инфрақұрылымын құру және жақсарту ісіне тартылуы тиіс.
Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы Астана қаласында Ұлттық онкологиялық ғылыми орталық құрылысының басталуы өте маңызды.
Алмағайып заман, қоғамның дамуы, салт-дәстүрлер және дағдылар – осылардың барлығы аурулардың да құрылымына әсер етеді. Егер осыған дейін негізінен инфекциялық аурулар көп кездесетін болса, қазіргі кезде басқа да дамыған елдердегідей, Қазақстанда да инфекциялық емес ауруларға: жүрек-қантамыр ауруларына, қант диабетіне, онкологиялық ауруларға және олардың таралуына әкелетін факторларға ерекше көңіл бөлу керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының талаптарына сәйкес әзірленген 2013-2020 жылдарға арналған іс-қимылдар жоспарында басты мақсаттардың бірі жүрек-қантамыр ауруларынан, онкологиялық, созылмалы, респираторлық аурулардан және қант диабетінен қайтыс болуды 25%-ға қысқарту болып табылады.
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар және азаматтардың өз денсаулықтарына жауапкершілігі денсаулықты нығайтуға және адамдардың өмір сұру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.