2018 жылғы 5 және 7 қыркүйек аралығында елордада Қазақстанның барлық өңірлерінің және Литва командаларының қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтуде.
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Астана» оқу-клиникалық орталығы, Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы және Астана қаласының Ұлттық денсаулық сақтау палатасы.
Жарыстың салтанатты ашу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уалихан Ахметов алғашқы жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысы 2016 жылдың маусым айында Алматы қаласында ұйымдастырылғанын еске алды. Ол жарыста елордалық команданың жеңгенін атап өтті. Жарыс соңғы жылдары қазақстандық мамандар қатысып жүрген Литвада он жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде өтетін Халықаралық жедел-жәрдем бригадаларының жарысы тәжірибесінің негізінде ұйымдастырылды. Жарысқа қатысқан Астана және Алматы қалаларының жедел медициналық жәрдем бригадалары өздерін лайықты көрсетіп, жүлделі 2-ші және 1-ші орындарға ие болды.
Уалихан Ахметов мұндай жарыстар медициналық мамандарды кәсіби даярлауда әлсіздіктерді анықтау жолымен үйлесімді жұмыс жасауға, корпоративтік рух және қатысушыларға ұмытылмас тәжірибе беретіндігін, сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін қажеттігін атап өтті.
«Биыл жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінің және жақын шетелдің командаларының қатысып жатқаны қуантады», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры.
«Жедел медициналық жәрдем қызметі кез-келген елдің денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды буынының бірі болып табылады. Дана латын мақалы: «Жедел көмектескен, екі рет көмектесті», – дейді. Уақыт жедел көмек көрсетуде шешуші рөл атқарады. Сондықтан пациенттің қасына алғашқы болып жететін, адам өмірін құтқарудың алдыңғы қатарында жүретін адамдардың мамандығы өте маңызды. Кейде ауыр, төтенше жағдайларда жұмыс істеп, тіпті өз өмірін қауіпқе тігіп, олар күн сайын, сағат сайын, әр минут сайын адамдарды құтқарады», – деді Уалихан Ахметов.
Жарыс барысында қатысушылар белгілі станцияларды өтумен, мысалы анафилактикалық шок, нәрестені реанимациялау, политравма кезінде ситуациялық тапсырмаларды орындады. «Оқиға» орнында манекендер және стандартталған пациенттер пайдаланылды.
Білім, жылдамдық және іс-әрекеттердің келісілімділігін құрамында отандық және шетелдік сарапшылар бар құзіретті қазылар алқасы бағалады.