Сенбі күні Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында Денсаулық сақтау министрлігі мен орталық қызметкерлері инсульт, инфаркт, электр тогының соғуы кезінде, суға батқан адамдарға, соның ішінде балаларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету дағдыларына үйренді.
Азаматтардың өмірін құтқару дағдысын білу тек медицина мамандарына ғана емес, жеке адамдарға да қажет. Өлімді 2-4 есе азайтуда және жүрек талмасынан, жол көлік оқиғаларынан, жазатайым жағдайдан жарақат алып, мүгедек болып қалмас үшін шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетудің өмірлік маңызы өлшеусіз.
Қатысушылар манекендерге шұғыл көмек көрсетуді үйренді.
Жүректің электр дефибрилляциясын жасауға дейінгі уақытты қысқарту арқылы аяқ астынан жүректің тоқтап қалу кезінде адамның тірі қалуына ықпал етуге болатындығы атап өтілді (ең тиімдісі – оқиға болған сәттен бастап алғашқы 3 минут ішінде). Бұл мақсатқа сыртқы автоматты дефибрилляторды адамдар көп шоғырланған жерлерде орнату және оларды неғұрлым көп пайдаланып, үйрету арқылы жетуге болады.
Оқыту барысында сыртқы автоматты дефибриллятормен базалық реанимация жасалды. Адамда сана мен қалыпты тыныс болмағанда, шұғыл жедел жәрдем шақыру керек. Жедел жәрдем келгенше кеуде қуысының 30 қысымы, 2 жасанды шабыт, жүрек-өкпе реанимациясын жалғастыру қажет. Артериялық қысым пайда болғаннан кейін, дефибрилляторды қосып, құрылғының дауыс пәрмендерін орындау керек.
Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Оқытуды Республикалық санитариялық авиациясының дәрігер нұсқаушысы, шұғыл медициналық көмек мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер Борис Сартаев жүргізді. Ол шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқытудан өткен және Американдық жүрек қауымдастығының (АНА), Реанимация бойынша еуропалық кеңестің (ERC), Израильдің жедел жәрдем қызметінің Маген Дэвид Адом (MAD) базалық реанимация (BLS), ересектер мен балалардың кеңейтілген реанимациясы (ACLS , PALS), ауруханаға дейінгі кезеңде жарақаттар кезінде көмек көрсету (PHTLS), сүйек арасына (BIG-ге) қолжетімділік бойынша сертификаттар алған. Төтенше және шұғыл көмек көрсетуде мол тәжірибесі бар, жедел жәрдем дәрігері болып жұмыс істеді. Қазіргі кезде жедел жәрдем авиациясының мобильді бригадасының дәрігері.