Өз сөзінде Уалихан Ахметов жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерге, жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту бойынша жүргізілетін жұмыстарға тоқталды.
ҚДСҰО-ның басқарушы директоры Марат Хавсемет 2018 жылға арналған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы айтып өтті.
Ол Қадағалау кеңесі туралы ереже, орталықтың Мемлекеттік сатып алу туралы регламенті әзірленгені, Тәртіптік кеңес құрылғаны туралы айтты.
Сондай-ақ, Марат Хавсемет қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың арыздану фактілері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басқа да бұзушылықтар жоқ екенін мәлімдеді.
Жиынның қорытындысы бойынша Орталықтың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы және 2018 жылға арналған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына цифрландыру бойынша іс-шаралар енгізу жөнінде шешім қабылданды.