А,В,С, D және E типті деп аталатын вирустық гепатиттің 5 негізгі түрлері бар. В және С типтері цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің ең таралған себебі болып табылады.
А гепатитінің таралуын қауіпсіз ауыз сумен тиісті түрде қамтамасыз ету кезінде; ақаба суларды тиісті кәдеге жаратуы кезінде; жеке бас гигиенасы мен вакциналауды орындау кезінде алдын алуға болады.
В және С гепатиті кезінде неғұрлым ағзаға инфекция көп түскен сайын, соғұрлым гепатитті жұқтыру қаупі жоғарылайды. Ең үлкен қауіптілікті вирустың едәуір көп мөлшері кездесетін, ағзаның жұқпалы биологиялық орталарымен (қан, сперма) байланыс тудырады. Бұл тексерілмеген қанды құю немесе оның өнімдерін құю кезінде, сондай-ақ терінің зақымдануымен манипуляцияларды жүргізу кезінде, маникюр, татуировка жасау, стерильді емес немесе нашар өңделген құрал-саймандармен манипуляцияларды жүргізу кезінде, қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде болуы мүмкін. Сонымен бірге босану кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін.
Жеке бас гигиена заттарын: маникюр қайшыларын, тіс қылшақтарын, ұстара жабдықтарын, тіс тазартқыштарын және т.б. бірлесе пайдалану кезінде жыныстық серіктердің, отбасының басқа мүшелерінің жұқтыру қауіп-қатері болады.
В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді.
Өзіңді «В» гепатитінен вакцинаның көмегімен қорғауға болады. Вакциналаудың толық курсында созылмалы инфекция дамуының алдын алу тиімділігі 95%-ды құрайды. Өкінішке орай, бүгінгі күні С гепатитіне қарсы вакцина әлі әзірленбеді.
Вирустық гепатиттерді жұқтырудан 100%-ға сақтандырыла алмайсыз. Алайда, бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады:
– маникюр, педикюр, тату, пирсинг және т.б. көп реттік пайдалану құрал-саймандарының және оның бөліктерінің қажетті стерильділігі қамтамасыз етіле алмайтын, күмәнді салондарда, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасамаңыз;
– кез келген бөгде адамдардың стерильді емес қадалғыш, кескіш заттарын, медициналық, маникюрлік және басқа құралдарын пайдаланудан аулақ болыңыз;
– гепатит типтеріне ұдайы тексеріліңіз.
– қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз, тосқауылдық қорғаныс әдістерін пайдаланыңыз (мүшеқаптар)
– егер Сіз В гепатитінен вакцина алмасаңыз, онда екпе жасаңыз.
Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз».