ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері Тбилисиде (Грузия) «Шығыс Еуропа және Кавказдың кейбір елдерінде химиялық заттарды тиімді басқару үшін ұлттық жүйелердің негізгі элементтерін құру» жобасын енгізу жөніндегі бірінші жиынға қатысты.
Іс-шараға ДДСҰ-ның Грузиядағы елдік кеңсесінің басшылығы, Германия, Грузия, Қазақстан және Беларусь Республикасының өкілдері және т.б. қатысты.
Жобаны ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы ұсынды. Орындаушысы: ДДСҰ-ның қоршаған орта және денсаулық жөніндегі еуропалық орталығы. Жобаның серіктестері – Қазақстан, Грузия және Беларусь Республикасы.
Жобаның мақсаты: қатысушы елдер арасында химиялық заттарды тиімді реттеуін енгізу бойынша тәжірибемен алмасу; Химиялық заттардың ұлттық регистрін және химиялық заттар туралы ақпаратпен алмасу, онлайн-жинақтау үшін техникалық база құру; ұлттық деңгейде Химиялық заттарды тиімді реттеу жөнінде жол картасын әзірлеу, халықаралық және ұлттық деңгейде Жоба туралы хабардарлықты арттыру.
Қазақстан бойынша жобаны іске асыру бойынша үйлестіруші орган – ҚР ДСМ
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Кеңесте қазақстан делегациясы елде химиялық заттарды басқару жөніндегі ахуал және жобаны енгізу бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Түгендеу жүргізілгені және мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгені, химиялық заттар мен пестицидтерді паспорттау туралы айтылды. Қауіпті заттарды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті өндіріс объектілерінің жұмыс істеуі бойынша талаптар заңнамалы тұрғыда бекітілді. Қауіпті химиялық кәсіпорындарды лицензиялау аяқталды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесі жетілдірілуде. Республика Роттердам, Базель, Стокгольм және қауіпті химиялық заттар мен олардың қалдықтарының айналымын бақылау бойынша басқа да конвенциялар бойынша халықаралық міндеттемені қабылдады. Химиялық заттарды басқару бойынша 10-нан аса халықаралық жобалар іске асырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының мүшелері 3 жыл бойы, яғни 2018 – 2021 жылдары кадрларды оқыту; ақпараттық базаны қалыптастыру; заңнаманы жетілдіру; аурудың өршу тәуекелін болжамдау бағдарламасын әзірлеу және химиялық қауіпсіздік ахуалды мониторингтеу; Химиялық заттардың ұлттық регистрін құру және енгізу, Ұлттық жол картасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілетіні жөнінде хабардар етті.
Кеңес барысында барлық министрліктердің, ҮЕҰ және ҚР халқының күшті шоғырландыруын талап ететін үш елдің ұлттық деңгейдегі қысқа мерзімді міндеттері айқындалды.