ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері 2018 жылғы 20 және 24 шілде аралығында Ашхабадта (Түрікменстан) Серіктестік және тамақтану саласында әлеуетті арттыру бойынша өңірлік платформаны іске қосу шарасына қатысты.
Іс-шараға Еуропа және Орта Азия елдеріндегі БҰҰ-ның Балалар қоры өнірлік кеңсесінің, ДДСҰ-ның, БҰҰ-ның азық-түлік өнімдері және ауыл шаруашылығы ұйымының, басқа халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, Сербия, Иран, Армения, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның өкілдері қатысты.
Өңірлік платформаны іске қосу аясында 2018-2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының жобасы әзірленді. Жоспарға тамақтану саласында саясатты әзірлеу үшін трансшекаралық деректерді жинау, өнірде басқа да тамақтану институттарымен ынтымақтастық орнату, Орта Азия және Кавказ елдері үшін азық-түлік саясатын, тамақтану саласындағы саясатты және тамақтану саласында білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша қысқа мерзімді курстар енгізу сияқты шараларды қамтиды.
Кездесу барысында Өңірлік платформа үшін екі жылдық іс-қимыл жоспарының негізгі бағыттары, Өңірлік платформа жұмысының тетіктері ұсынылды, тамақтану және қоғамдық денсаулық сақтау саласында пікір алмасу болды.
Қазақстандық делегация қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің институционалдық реформаларымен, республикада тамақтану саласындағы ағымдағы жағдаймен, азық-түлік қауіпсіздігін бақылау ұлттық жүйесімен, дұрыс тамақтану бойынша өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.
2017 жылы Қазақстан Еуропа бойынша БҰҰ АТӨАШҰ/ДДСҰ Үйлестіру кеңесінің 2018-2019 жылдарға Кодекс Алиментариус комиссиясының үйлестірушісі болып сайланған болатын. Оның миссиясы: азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік өнімдеріне халықаралық стандарттар және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басшы принциптерін әзірлеу.
Еліміздің делегация мүшелері Өңірлік платформаны іске қосу бастамасы алиментарлық – тәуелді инфекциялық емес аурулардың алдын алуына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Одан басқа, Қазақстан Республикасы бүгінгі күні 8 қатысушы мемлекет арасында Платформаның өнірлік хатшылығы әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін қарастыруда. Ресми ұстаным кейінірек хабарланатын болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press_ncozmz@mail.ru, ұялы тел. 87017020346, 87715005500.