Күретамыр, көктамыр, тамырлы-жүйке шоғырының қан тамырларының зақымдануы ашық және жабық жарақат кезінде болуы мүмкін. Статистика бойынша, аяқ тамырларының жарақаты қол тамырларының жарақатына қарағанда 2 есе жиі кездеседі. Ірі қан тамырының үзілуі және соның салдарынан қан кету адам өміріне қауіп төндіреді. Қанды тоқтату және қысқа мерзімде зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу маңызды.
Қан тамырлары жарақатының себептері: автомобиль апаттары, өндірістегі және тұрмыстағы зақым алу, өткір заттармен жарақаттану.
Қалай әрекет ету керек?
Зардап шеккен адам көлденең қалыпта болу қажет. Аяқ-қолдары зақымданған кезде – жүрек деңгейінен жоғары көтеру және буынын бүгу.
Қан кету түріне баға беру қажет:
Күретамыр зақымданған кезде – қан алқызыл және шапшып ағады, көктамыр зақымданғанда – қан қошқыл қызыл түсті және баяу ағысты.
Күретамырдан қан кету кезінде:
– жарақаттың аузын қолда бар таза жұмсақ затпен (киім, қол орамал, майлық ) қысып ұстау қажет;
– терең жарақат кезінде қуысты қолмен қарқынды қысатын, маталы тығынмен толтыру қажет (ширатылған бинт, киімнің бүктелген жыртысы),
– бұрау салу, бұрау ретінде кез келген салыстырмалы ұзақ кесіндіні пайдалануға болады (мысалы, белдік, галстук, киімнің кең резеңкесі және т.б.).
Бұрау жарақат орнынан жоғары байланады. Бұрау салмас бұрын, кез келген матаның немесе дәкенің бірнеше мәрте ширатылған қабатымен теріні орау қажет. Содан кейін матаның немесе дәкенің үстінен аяқ-қолдың айналасынан кемінде 2-3 рет орап, бұрауды тығыз етіп салады, содан кейін шешіп алуға (бұрау салу сұлбасы төмендегі суретте көрсетілген) мүмкін болатындай етіп, тартып байлайды. Бұраудың астына оның салынған нақты уақыты жазылған жазбахатты міндетті түрде қоса салады. Жылдың жылы мезгілінде бұрауды көп дегенде 1,5 – 2 сағат, ал қыс кезінде – 40 – 60 минуттан асырмай ұстауға болатыны естеріңізде болсын. Егер жарақаттанушыны ауруханаға дейін тасымалдау көбірек уақыт алатын болса, онда бұрауды жаздыгүні әр 1,5 сағат сайын және қыста әр 40 минут сайын 15 минутқа босатып, содан кейін қайтадан тартып байлау қажет.