Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: Суға шомылу маусымы кезінде өзіңді қалай сақтандыру қажет

Аптап ыстық орнап және суға шомылу маусымы басталып,суға, бассейн болсын, ұсақ суайдындар немесе ірі өзендер болсын, демалушылардың ағымы ұлғаяды. Ал мұнымен бірге, суға шомылу орындарында жазатайым оқиғалардың пайда болу қауіп-қатері де өседі.
Суға шомылу маусымында қауіптілік деңгейі жоғары болып отыр. Және ең алдымен, қауіп-қатер тобына балалар кіреді.
Жаз- бұл бейғам демалыс, бала қуанышы мен ұзақ күткен суға шомылу маусымының уақыты. Барлығымыз ыстық күнді өзен жағалауында өткізгенді ұнатамыз. Алайда, өз қауіпсіздігіңмен өз балаларыңның қауіпсіздігі туралы ұмытпаған жөн. Суға бату – бұл көмек туралы айқай мен судағы тыраңдау деп ойлауға әдеттенгенбіз, бірақ бұл тыныш үдеріс. Сондықтан да судағы тәртіп қағидаларын сақтау және өзіне, қоршаған адамдарға елегіш болған маңызды. Естеріңізде болсын, суда ойнап және шомылып жатқан балалар, егер олар шу-шу еткенін қойған болса, дереу балаға көмек көрсету қажет. Болған жағдай үшін өзіңді өмір бойы кінәлағанша, бір рет қайта сақтанған дұрыс.
Суда уақытыңды өткізе отырып, өзіңді қалай қауіпсіздендіруге болады?
Суға бату жағдайларын алдын алудың 6 негізгі қағидасы:
1. Бірінші қағида. Суайдындардан алыс жерлерде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
2. Екінші қағида. Суға баратын мүмкіндіктің алдын алатын қоршаулар орнату.
3. Үшінші қағида. Мектеп жасындағы балаларды (6 жастан үлкен) суда жүзу және судағы қауіпсіз тәртіп машықтарына үйрету.
4. Төртінші қағида. Су тасқындарымен және басқа да қауіптермен байланысты қауіп-қатерлерді басқару.
5. Бесінші қағида. Суға бату әлеуетті куәгерлерін қауіпсіз құтқару мен жан сақтау машықтарына үйрету.
6. Алтыншы қағида. Қайықтарды, кемелер мен паромдарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

ҚР ДСМ
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының
баспасөз қызметі