Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын жабу үшін резервтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын жабу үшін резервтерді қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын жабу үшін резервтерді қалыптастыру қағидалары