Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ҚДСҰО аса қауіпті инфекцияларды анықтауға дайындық жөніндегі оқу-жаттығуға қатысты

ҚДСҰО-ның Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативті орталығы Астана қаласының халықаралық әуежайында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған практикалық оқу-жаттығуға қатысты.

Сценарий бойынша халықаралық рейс бортындағы жолаушыдан аса қауіпті инфекцияға күдік анықталды.

Оқу-жаттығу барысында науқасты оқшаулау, ұшақты санитариялық тұраққа орналастыру, байланыста болған адамдарды анықтап, медициналық бақылауға алу, дезинфекция жүргізу, тиісті қызметтерге жедел хабарлау және олардың өзара іс-қимылы пысықталды.

Ұлттық орталықтың Оперативті орталығының мамандары Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола қызбасы бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуалды таныстырып, Бундибугио вирусының ерекшеліктері туралы ақпарат берді.

Оқу-жаттығу аса қауіпті инфекциялардың елге әкеліну қаупі туындаған жағдайда тиісті қызметтердің дайындығы мен бірлескен іс-қимылын тексеру