
2026 жылғы 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалында «Микроорганизмдердің антимикробтық препараттарға сезімталдығын анықтау әдістері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтуде.

Семинар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған антибиотикке резистенттілікті тежеу жөніндегі Жол картасы аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның мақсаты – зертханалық қызмет мамандарының біліктілігін арттыру, диагностикалық тәсілдерді жетілдіру және антибиотикке төзімділікті мониторингтеу жүйесін дамыту.



Семинарға Ресей Федерациясының жетекші ғылыми-медициналық ұйымдарының мамандары қатысуда. Атап айтқанда, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университетінің Антимикробтық химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының мамандары Илья Азизов пен Натали Иванчик, сондай-ақ академик Н.Н. Бурденко атындағы Ұлттық нейрохирургия медициналық зерттеу орталығының микробиология және антибактериялық терапия зертханасының меңгерушісі Марина Сухорукова қатысуда.
Семинар барысында микроорганизмдердің антимикробтық препараттарға сезімталдығын анықтау бойынша зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету, EUCAST халықаралық стандарттарын қолдану, in-vitro диагностикасының заманауи әдістері, әдістемелік қателерді талдау және зертханалық тәжірибе үшін тиімді әдістерді таңдау, сондай-ақ Қазақстанда антибиотикке төзімділікті эпидемиологиялық қадағалау жүйесін дамыту мәселелері қарастырылуда.
Семинарға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының бактериологиялық зертханаларының мамандары және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының қызметкерлері қатысуда.