Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсері және инфекциялық емес аурулар жүктемесінің алдын алу. ДДСҰ жобаларына арналған тәуекелдерді бағалау критерийлері жүйесінің әдіснамасы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Қазақстан үшін қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері әлі де өзекті мәселе болып отыр. Ауаның ластануы, ауыз судың сапасы, шу деңгейі және басқа да факторлар жүрек-қантамыр, онкологиялық және тыныс алу жүйесі ауруларының артуына тікелей әсер етеді. ДДСҰ деректеріне сәйкес, әлемдегі өлім-жітімнің 23%-ға дейінгісі қоршаған ортаға байланысты қауіп факторларымен байланысты.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыс аясында 2025 жылы еліміздің барлық 20 аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінде мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімдері құрылды. Бұл құрал қоршаған орта факторларының ықпалын алдын ала болжауға және уақтылы профилактикалық шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Семинар барысында салалық ұйымдардың мамандары қауіптерді бағалаудың заманауи тәсілдері мен практикалық шешімдерін таныстырды. Негізгі назар қолданбалы бағытқа аударылып, атмосфералық ауаның ластануын және ауыз су сапасын бағалау, тәуекелдерді бағалау әдіснамасын қолдану, сондай-ақ Risk Calculator бағдарламасымен жұмыс істеу мәселелері қарастырылды.

Семинарға еліміздің барлық өңірлерінен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының мамандары қатысып, қауіптерді бағалау және профилактикалық шараларды әзірлеу бағытындағы практикалық дағдыларын жетілдірді.