Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцина алған және алмаған тұрғындардың вирус жұқтыру және өлім үлесін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Алексей Цой елімізде вакцина салдырған соң ауырғандардың үлесі небәрі — 0,1 пайыз екенін айтты. Ал екпе алмағандардың 99,9 пайызы вирус жұқтырған.

Өлім жағдайлары бойынша, вакцина алмағандардың үлесі — 97,7 пайыз. Ал вакцина алғандарда — 2,3 пайыз. Бірақ, Цойдың сөзінше, бұл адамдарда ауыр созылмалы аурулары болған.

«Бұл дерек вакцинаның тиімділігін көрсетіп отыр», — деді министр.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 879 016 адам, 2-компонентін 4 505 662 адам салдырды.

Источник: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ministr-vaktsina-saldyirgan-son-auyirgandardyin-ules-nebar-445475/