Медициналық қызметкерлерге арналған вакцинацияға сенімді арттыруға бағытталған тұлғааралық коммуникация бойынша тренинг жалғасуда

2025 жылғы 22 шілдеден бастап Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының базасында «Иммундауға арналған тұлғааралық коммуникация» тақырыбында медициналық қызметкерлерге арналған оқыту тренингі өтуде. 29 шілдеден бастап тренингке Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының тәжірибелі дәрігерлері қатысуда.
Аталған оқыту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ШЖҚ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының» 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарының 1-Нәтижесін іске асыру аясында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Тренингтің негізгі мақсаты — халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған негізгі коммуникациялық дағдыларды дамыту, вакцинопрофилактикаға деген сенімді арттыру және халық пен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы байланысты нығайту.
Оқыту бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды:
•конструктивті және этикалық коммуникация дағдыларын дамыту;
•жеке көзқарастар мен ішкі кедергілерді еңсеру;
•иммундау саласындағы жалған ақпаратқа қарсы әрекет ету;
•ата-аналармен және қамқоршылармен тиімді қарым-қатынас құруға арналған заманауи құралдарды пайдалану.
Тренинг аясында қатысушылар халықпен ашық, құрметті әрі нәтижелі диалог орнатуға көмектесетін практикалық ұсынымдар мен әдістерді меңгереді. Бұл өз кезегінде иммундау бағдарламаларын қолдауды күшейтуге және медициналық қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыруға ықпал етеді.