Тұтынушылардың құқықтары мен адам әл-ауқатын қорғау саласын қадағалау жөніндегі Федералды қызметтің Г.Н.Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі- Г.Н. Габричевский ат. МЭМҒЗИ ФБҒМ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қолдауымен, қызылша, қызамық, көкжөтелді, оның ішінде популяциялық иммунитеттің жай-күйін эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру бойынша 2 күндік семинар өткізді.
Семинарға еліміздің барлық өңірлерінің эпидемиологтары мен ҚР медициналық жоғары оқу орындарының эпидемиология кафедраларының өкілдері қатысты.
Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстанда да вакцинамен басқарылатын инфекциялармен күрес қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды бағыт болып қала береді.
ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі шеңберінде қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, елімізде қызылша, көкжөтел және қызамық сияқты аурулардың өршу қаупі сақталатынын атап өтті, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру және қызылша мен қызамық вирусының айналымын мониторингілеуде зертхана әлеуетін күшейту бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын айтты. Ұлттық сарапшылар мен аумақтық департаменттердің мамандары қатысқан халықаралық алаң эпидқадағалаудың барлық деңгейлерінде озық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік береді.
Г.Н. Габричевский ат. МЭМҒЗИ ФБҒМ қызылша мен қызамықты қадағалау жөніндегі ұлттық ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы қызылша мен қызамық вирустарына популяциялық иммунитетті эпидқадағалау және мониторинг жүргізу шеңберінде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2024 жылғы деректері бойынша, алдын ала мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде 359 521 қызылша жағдайы тіркелген, оның ішінде ДДҰ Еуропалық аймағында 127 350 жағдай тіркелді. Қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді вакцинаның болуына қарамастан, 2023 жылы бүкіл әлемде қызылшадан 107 500-ге жуық өлім жағдайы тіркелді, негізінен екпе алмаған немесе жеткілікті түрде егілмеген 5 жасқа дейінгі балалар арасында өлім жағдайы тіркелген.