“Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ аумағындағы жағдай бақылауда: ластаушы заттардың артуы тіркелмеген

19 мамырда “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ хлор сутегінің шығарындысы туралы дабыл келіп түсті. Газ құбырларын тазарту бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде хлор сутегінің атмосфералық ауаға түскені анықталды. СЭБД, ҰСО, ТЖД және экологиялық қызметтің аумақтық мамандары оқиға орнына барды.

• Қала мен қала маңындағы 8 бақылау пунктінен 144 ауа сынамасы алынды.
• 18 ластаушы заттардың құрамына талдау жүргізілді: хлор, хлорлы сутек, күкірт диоксиді, өлшенген заттар, шаң 20-70%, шаң 20% -дан аз, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі, формальдегид, күкіртсутек, шекті көмірсутектер, озон, ацетон, аммиак, күкірт қышқылы, қорғасын.

2025 жылғы 19 мамырдағы сағат 21:45-тегі жағдай бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кету жағдайы анықталған жоқ.
Ауа гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді, халықтың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Кәсіпорыннан шығарындылар туралы хабарламалар түскен жоқ. Халық арасында медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.
Жағдайға мониторинг жүргізу жалғасуда, органдар мен ұйымдар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Атмосфералық ауаның ластануы артқан кездегі ұсынымдар:
• Ашық ауада болуды шектеңіз, әсіресе балалар, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар адамдар далаға шықпау керек.
• Үй-жайларға ластанған ауаның кірмеуі үшін терезелер мен форточкаларды, есіктер мен желдету саңылауларын мықтап жабыңыз.
• Үй-жайдағы ауаны тазарту үшін ауа ылғалдандырғышты қолданыңыз немесе дымқыл тазалау жүргізіңіз.
• Далаға шыққан кезде маска тағып алыңыз.
• Спортпен шұғылданбаңыз және үйден тыс жерде ауыр физикалық жұмыс жасамаңыз.
• Бас ауруы, жөтел, ентігу, көздің тітіркенуі немесе басқа да белгілер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз.