Кене энцефалитінің алдын алу шаралары туралы

2025 жылы эндемиялық аумақтарда апта сайын иксод кенелері шаққан халықтың қаралу санының артқандығы байқалады. Кенелердің белсенділік маусымы басталғаннан бері зардап шеккен 6400-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 40%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Бүгінгі таңда республикада кене энцефалитінің 6 жағдайы тіркелді.

Кене энцефалиті – негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, көбінесе ауыр өтетін және мүгедектікке және өлімге әкелетін жұқпалы, табиғи ошақтық ауру.

Негізгі берілу жолы – трансмиссивті, яғни иксод кенелерінің шағуы арқылы жұғады, бірақ қоздырғыш ешкінің (сиырдың) шикі сүті арқылы, сондай-ақ ауру жұқтырған кенемен жанасқан кезде терідегі (шырышты) микрожарақат арқылы берілуі мүмкін.

Республика аумағында кенелердің белсенділік танытатын кезеңі, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты, наурыздан маусымды қоса алғандағы кезеңге дейін, республиканың шығысы мен солтүстігінде тамызға дейін байқалады. Сырқаттанушылықтың тіркелуі, негізінен, мамыр-маусым айларына тура келеді, бұл тасымалдаушы санының өршуімен байланысты.

Кене энцефалитінің өте тиімді алдын алу шарасы – бұл екпе жасату. Вакцина алғысы келгендер тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу керек. Сонымен қатар үкіметтік емес медициналық орталықтарда да екпе алуға болады.

Кене энцефалитінің алдын алу шараларына мыналар жатады:

  • табиғат аясына шығар кезде ашық түсті киім кию, барлық киім ішіне салынып, теріге тығыз жабысып тұруы тиіс, міндетті түрде бас киім кию қажет;
  • шөпке отыруға және жатуға болмайды;
  • табиғат аясында және үйге келген соң киімде кенелердің бар-жоғын анықтау үшін әр 15 минут сайын өз-өзіңізді және бір-біріңізді қарап-тексеру қажет, сонымен қатар үй жануарларын да қарап-тексеру керек;
  • акарицидті және репеллентті құралдарды қолдану;
  • кене табылған және/немесе шаққан жағдайда кенеге қарсы иммуноглобулинмен шұғыл профилактикалық ем жүргізу үшін медициналық ұйымға жүгіну керек;
  • қан сорған кененің инфекция жұқтырғанын зертханада анықтау үшін оны тығыз жабық құтыда сақтау керек;
  • медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге қаралу мүмкін болмаған жағдайда арнайы құрылғыларды, жіпті және т.б. қолдана отырып, өз бетінше кенені алып тастау қажет. Кенені жалаң қолмен қозғап, алу үшін оған май тамызуға рұқсат етілмейді. Кене шаққан жерді дезинфекциялық ерітіндімен сүрту керек.

Алматы қаласы бойынша КЭ (адамдардан алынған материал және кенелер) зерттеу жүргізетін зертханалардың мекенжайы:

  • СЭСжМҒПО филиалының АҚИ зертханасы, Әуезов көшесі, 84;
  • ҰСО филиалының АҚИ зертханасы, Жібек Жолы көшесі, 3.

Алматы қ. бойынша КЭ серопрофилактикасы пункттерінің мекенжайы:

  • № 4 қалалық клиникалық ауруханасы (Папанин көш., 220) –  қаладағы ересек адамдар үшін;
  • № 7 қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман шағын ауд., Райымбек даңғ., 20) – қаладағы ересек адамдар үшін;
  • Балалар шұғыл медициналық жәрдеморталығы (Манас көш., 40) – 14 жасқа дейінгі (қоса алғандағы) балалар үшін.

Басқа облыстардағы серопрофилактика пункттерінің және зертханалардың мекенжайын тиісті облыстың Денсаулық сақтау басқармасынан нақтылауға болады.

Паразиттік аурулардың алдын алу бөлімі