Радон мен оның еншілес өнімдерінің зияны

Радон (Rn222) – түсі, иісі және дәмі жоқ радиоактивті газ. Ол жер қыртысында, топырақта және кейбір құрылыс материалдарында болатын уранның ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Радон тұрғын үй және өндірістік ғимараттарға іргетастағы саңылаулар, едендегі жарықтар, сондай-ақ су мен құрылыс материалдары арқылы енуге қабілетті.

Радонның ыдырау өнімдері

Ыдырау кезінде радон бірқатар радиоактивті элементтерге айналады –  мысалы:

* Полоний-218

* Қорғасын-214

• Висмут-214

* Полоний-214 сияқты еншілес нуклидтер.

Бұл радиоактивті заттар ауадағы шаң мен аэрозольдерге оңай қосылып, дем алған кезде өкпеге енеді.

Радонның адам ағзасына зияны

1. Өкпе обыры:

  • Радоннан туындайтын негізгі қауіп – өкпе обырының жоғары қаупі.
  • ДДҰ мәліметтері бойынша, радон темекі шегуден кейін өкпе обырына себепші болуы жағынан екінші орында тұр.
  • Радон әсеріне ұшырайтын темекі шегушілер айтарлықтай үлкен қауіп тобына жатады. Радонмен сәулелену, тұтастай алғанда, адамның иммундық жүйесінің жұмысын әлсіретуі мүмкін, бұл халықтың бірқатар жұқпалы емес ауруларының туындауына жағдай жасайды.

2. Радонның еншілес өнімдері:

  • Радон ыдырағаннан кейін полоний-218, қорғасын-214 және висмут-214 сияқты қатты радиоактивті элементтер түзіледі.
  • Бұл бөлшектер дем алған кезде тыныс алу жолдарына тұнады да, өкпені іштен сәулелендіріп, жасуша мутациясын тудырады.

3. Ағзаның сәулеленуі:

  • Радон мен оның еншілес өнімдері альфа сәулесін шығарады, ол теріге енбейді, бірақ ішке түскен жағдайда өте қауіпті.

Радон қай жерде қауіпті?

  • Жабық үй-жайларда, әсіресе жертөлелерде, үйлердің бірінші қабаттарында.
  • Топырақта уран мөлшері жоғары учаскелерге салынған ғимараттарда.
  • Желдету жеткіліксіз болған жерде.

Қалай қорғану керек?

  1. Үйдегі радон деңгейін арнайы детекторлардың көмегімен тексеру.
  2. Жертөле мен тұрғын үй-жайлардағы желдетуді жақсарту.
  3. Іргетастағы және радон енетін  басқа жерлердегі жарықтарды тығыздау.
  4. Радон деңгейін төмендетудің арнайы жүйелерін орнату (мысалы, радонды төмендететін желдету жүйелері).

Ұсынымдар: «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 Заңының 11-бабының талаптарын сақтау.