ҚР-да туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал: 2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы

2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға дейін төмендеді. Осы кезеңде туберкулездің жаңа 2260 жағдайы тіркелді, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы 2586 жағдайдан аз. Осылайша, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық деңгейі 11,1-ді құрады, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 12,9-ға тең болды. Сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және елдің 13 облысында байқалады. Дегенмен, жалпы оң үрдіске қарамастан, облысында сырқаттанушылық көрсеткіші 21,7%-ға дейін артты. Сондай-ақ, көрсеткіштің Ақмола облысында 9,2%-ға, Қарағанды облысында 0,8%-ға және Абай облысында 6 жағдайға өсуі байқалады. Бірқатар облыстарда сырқаттанушылықтың республикалық көрсеткішінен жоғары болуы байқалады. Мысалы, бұл көрсеткіш Ұлытау облысында 14,4, Абай облысында 13,9, Атырау облысында 15,8, Қызылорда облысында 15,4, Жетісу облысында 12,8, Павлодар облысында 12,6 және Шығыс Қазақстан облысында 14,3 болды.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сырқаттанушылық

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші де алаңдаушылық тудырады. 2025 жылдың алғашқы төрт айында 14 жасқа дейінгі балалар арасында  туберкулездің 100 жағдайы тіркелді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі 107 жағдайдан 7 жағдайға аз. Сырқаттанушылық деңгейі 100 мың балаға шаққанда 1,7-ді құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 1,9-ды құраған болатын. Дегенмен, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ 5 облыста балалар арасындағы сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуі байқалады. Маңғыстау облысында балалар арасындағы сырқаттанушылық деңгейі 3,7 есе артты, Астанада 4 жағдайға, Алматы қаласы және Ұлытау облыстарында 3 жағдайға, Алматы облысында 2 жағдайға, Атырау облысында 1 жағдайға артты.

Жасөспірімдер арасында сырқаттанушылық көрсеткіші 2025 жылдың алғашқы төрт айында бұрынғы деңгейде қалды. Жасөспірімдер арасында 88 жағдай тіркелді, ал 100 мыңға шаққандағы көрсеткіш 8,5-ті құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі 8,9 көрсеткішінен сәл төмен. Дегенмен, елдің 10 өңіріндегі (15-17 жастағы) жасөспірімдер арасында сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Жамбыл облысында (6 жағдай), Алматы қаласында (5 жағдай), сондай-ақ Жетісу және Қызылорда облыстарында (3 жағдайдан) тіркелді. Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында 2 жағдай, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1 жағдайдан тіркелді.

Қорытынды

Елдегі туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеуінің жалпы үрдісіне қарамастан, көрсеткіштерінің өсуі азаймаған өңірлерге ерекше назар аудару қажет. Аурудың алдын алу және ерте анықтау бойынша тиімді шаралар эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға және халықтың денсаулығын сақтауға септігін тигізеді.