Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы “СЭСжМҒПО” филиалының мамандары ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартына (бұдан әрі – Стандарт) енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша өңірлік өкілдерге оқыту семинарын өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты-ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен аумақтық департаменттерінің, Алматы облысының, Жетісу облысының және Алматы қаласының білім басқармаларының қатысушы тренерлерін Қазақстандағы балаларды Стандартқа сәйкес денсаулық пен дамудың заманауи талаптарына сай келетін пайдалы, теңгерімді, ұтымды және қауіпсіз рационмен қамтамасыз етуді оқыту және дайындау.
Семинар бағдарламасы аясында “СЭСжМҒПО” филиалы санитарлық-гигиеналық мониторинг басқармасының санитарлық дәрігері Әлия Әмірова білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін айтты.
Семинарға қатысушылар стандарттың жаңа талаптарын іске асыру тетіктерін талқылады, тәжірибе алмасты және сұрақтарға жауап алды.
Ағымдағы жылы басқа өңірлердің мамандары үшін Шымкент, Семей және Ақтөбе қалаларында осындай көшпелі семинарлар жоспарланған.
Анықтама үшін: семинарды Алматы қаласы Алатау ауданы оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығының базасында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы елдік кеңсесінің техникалық қолдауымен “Ұлттық салауатты тамақтану орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.