«Мектептегі тамақтану: білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартын енгізу» атты дөңгелек үстел

2025 жылы 23 сәуірде білім беру ұйымдарында тамақтану стандартын енгізу шеңберінде «Мектептегі тамақтану: білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартын енгізу» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Тамақтану стандартын іске асыру үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, құжаттың негізгі ережелерін талқылау, оны енгізу және тұрақты қаржыландыру тетіктерін әзірлеу.

Іс-шараны ұлттық және аймақтық мүдделі тараптардың қатысуымен, ЮНИСЕФ-тің техникалық қолдауымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ағарту министрліктері ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының маманы К.Х. Абдижаббарова қатысып, «Тамақтандыруды ұйымдастыру модельдері. Білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастырудағы аутсорсинг пен кейтерингтің рөлі, білім беру объектілерінде тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.