25 мамыр – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні–2025

Жыл ұраны «Безгекті жояйық: қайта инвестициялау, қайта ұғыну, жаңарту»

Безгек – адам өміріне қауіп төндіретін ауру, жыл сайын осы аурудан жүздеген мың адам қайтыс болады. Әсіресе осал балалар, жүкті әйелдер және иммунитеті жоқ адамдар осы ауруға шалдығады.

ДДҰ және RBM серіктестігі күш біріктіруге, жаңа тәсілдерді дамытуға және профилактиканы күшейтуге шақырады!

Жаһандық ахуал

  • Дүние жүзінде 263 млн. безгек жағдайы (2023 ж.)
  • 597 000 өлім, 95% – Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде
  • Безгекпен күрестегі прогресс 2015 жылдан кейін баяулады

Қазақстандағы ахуал

  • 2023–2024 жж.: Африка елдерінен әкелінген 5 жағдай
  • 2025 ж. 3 айы: сырттан әкелінген 1 тропикалық безгек жағдайы
  • Химиялық профилактика жүргізілмеді

Безгектен қалай қорғану керек?

Сапарға шыққанға дейін профилактиканы бастау маңызды!

Тропикаға барғанға дейін 1 апта бұрын:

  • Дәрігер тағайындаған безгекке қарсы препаратты қабылдау
  • Қабылдауды сапарға барған кезде және елге оралғаннан кейін тағы 1 ай жалғастыру

Қосымша қорғану:

  • Ашық тері аймақтарына репеллент жағу
  • Терезелерге/есіктерге москит торын жабу
  • Үй-жайларда аэрозольдар мен инсектицидтерді пайдалану

Безгек белгілері

  • Қалтырау, жоғары температура (40 °C дейін)
  • Қатты бас ауру, тершеңдік
  • Қайталанатын қызба ұстамасы
  • Тропикалық безгекте симптомдар тез дамиды (48 сағатқа дейін)

Емдеусіз – асқыну мен өлімнің жоғары қаупі!

Диагностика және емдеу

  • Негізгі әдіс – қан микроскопиясы
  • Сондай-ақ: экспресс-тест қолданылады
  • Емдеуді дәрігер безгектің түріне қарай таңдайды

Нені білу керек?

  • Безгек Anopheles туыстас масаның ұрғашысы шаққан кезде жұғады
  • Қан құю арқылы және анадан құрсақтағы сәбиге  жұғуы мүмкін
  • Инкубациялық кезең – 7 күннен 3 жылға дейін (түріне байланысты)

Есте сақтаңыз: безгекті емдеуден гөрі, оның алдын алу оңай.
Қазіргі профилактика адам өмірін сақтайды!