14-18 сәуір аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары Жансая Хамит пен Диана Тургунова Ұлытау облысының білім беру мекемелерінде семинар, дәріс мен тренинг циклін өткізді.
Ағарту науқаны аясында Жезқазғанның 10 оқу орны, оның ішінде 8 мектеп, 1 колледж және 1 ЖОО қамтылды. Іс-шараларға 900-ден астам оқушы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың денсаулық туралы хабардар болу деңгейін арттыру және тұрақты салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара тақырыбы негізгі қоғамдық денсаулық аспектілерін қамтыды:
* Жұқпалы аурулардың (туберкулез, ЖРВИ, гепатит, ЖІИ, вакцинация, АИТВ / ЖИТС, ЖЖБИ) профилактикасы;
• Жұқпалы емес аурулардың (онкология, қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, бронх демікпесі) профилактикасы;
* Мінез-құлық қауіп факторларымен (темекі шегу, алкоголь ішу және есірткі қолдану) күрес;
* Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау;
* Репродуктивтік денсаулықты сақтау (отбасын жоспарлау, емізу);
* Жарақаттанудың алдын алу;
* Психикалық денсаулықты қолдау (стресс пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу).
“Біз осындай кездесулердің жасөспірімдер мен студенттер үшін қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Жастар белсене сұрақтар қойып жатыр, талқылап жатыр, көзқарастарын білдіріп, өз ой-пікірлерімен бөлісіп жатыр. Бұл денсаулық мәселесіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Демек, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз,” — деп атап өтті ҚДСҰО маманы Жансая Хамит.
Мұндай бастамалар аурулардың алдын алу және СӨС қағидаттарын ілгерілету саласында жетекші республикалық ұйым —Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.