2025 жылғы 10-11 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – барлық қауымдастықтарды вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттілігін көрсету. Вакциналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау жүйесінің күш-жігерін қолдау.
Конференцияны өткізуге Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Дүниежүзілік ұйымның елдегі кеңсесінің басшысы, Иммундау бойынша сарапшылардың ұлттық техникалық консультативтік тобы және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы балалар қоры қолдау көрсетті.
Конференцияға Қазақстанның, Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары, республиканың барлық облыстарынан медицина қызметкерлері қатысты. Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы, иммундаумен қамтуды жақсарту және халықтың вакцинацияға деген құлшынысы талқыланды. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 1 курс резиденттері «Вакцинация: оң және теріс көзқарас» тақырыбы бойынша дебаттар өткізді.
Командалар иммундаудың артықшылықтары мен жетістіктері, вакцинациядан кейінгі жағымсыз әсерлер, сондай-ақ көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша әртүрлі ұстанымдарын ұсынды. Капитандар сайысы және командалық флешмоб өткізілді.
Конференция тәжірибе алмасу, қызықты пікірталас, болашақ дәрігерлерді вакцинацияны кеңінен насихаттауға тарту алаңына айналды. Конференция ұлттың және бүкіл адамзаттың денсаулығын нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Еуропалық иммундау апталығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция гибридтік форматта өтіп, 100 қатысушыны оффлайн режимінде және 37 мыңнан астам адамды онлайн режимінде біріктірді.