Су – барлық тірі жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажетті құрамдас бөлік. Адам күніне орта есеппен 2,5 литрге дейін су ішетіні белгілі. Дегенмен судың құрамында пайдалы элементтердің болуымен қатар, онда адам ағзасының жұмысына кері әсер етуі мүмкін әртүрлі паразитологиялық гельминттер жиі кездеседі.
Сұйықтық өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты су көздеріне қатаң бақылау орната отырып, зиянды паразиттердің бар-жоғын анықтау үшін тұрақты түрде суға тестілеу жүргізу өте маңызды. Қазіргі уақытта барлық су көздері санитарлық қызмет белгілеген талаптар мен нормаларға сәйкес келе бермейді. Суға тиісті өңдеуді қамтамасыз ету және судың сапасына дұрыстап қол жеткізу үшін паразитологиялық көрсеткіштерге тексеру жүргізіледі.
Ауыз су қауіпсіздігінің паразитологиялық көрсеткіштері – шекті мәндерден артуы эпидемиологиялық қауіп төндіретін және адамның инфекция жұқтыруына әкелуі мүмкін параметрлер. Зерттеу барысында лямблияның, криптоспоридий ооцисталарының, гельминт жұмыртқаларының бар-жоғын және шоғырлануын анықтау үшін ауыз су сынамалары тексеріледі. Талдау нәтижелерінің теріс болуы ауыз судың эпидемиялық қауіпсіздігін ресми растайтын талдау болып табылады. Жеке тұлғалар мен ұйымдар ауыз судың паразиттік қауіпсіздігіне мерзімді бақылауды қажет етеді.
ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «СЭСМҒО» филиалының бактериялық және паразиттік инфекциялар мен АМР-ді бақылау референс-зертханасында гельминттердің дернәсілдік сатыларын анықтау үшін суға зертханалық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар.