С 18 по 20 наурыз 2025 жылы Бангкок қаласында (Тайланд) антимикробтық препараттарға төзімділікпен күрес мәселесіне арналған халықаралық семинар өтті. Семинарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек тәсілі қолданылды. Бұл шараны Азия-Еуропа қорының қоғамдық денсаулық сақтау желісі ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Ұлттық антимикробтық төзімділікке қарсы тұрақтылық жөніндегі үйлестіру орталығының бас маманы А. Жарылқасынова және «Республикалық бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры А. Қасымова қатысты.
Семинар аясында панельдік талқылау ұйымдастырылып, онда Индонезия, Қазақстан, Швеция және Тайланд елдерінің бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде антимикробтық резистенттікке (АМР) қарсы күрес бағдарламасын енгізу тәжірибесі қарастырылды.
Семинар барысында дәрі-дәрмектерді, соның ішінде антибиотиктерді тағайындау мен тарату тәжірибесіне қатысты мәселелер талқыланды. Антимикробтық препараттарға төзімділікпен күрестегі (АПТ) негізгі шараларға және бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде тиімді стратегияларды енгізуге арналған басымдықты іс-шараларға ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мен Швецияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша қадамдар жасалды.
Facebook & LinkedIn: @AsiaEuropeFoundation
X (бұрынғы Twitter): @asef_phn