Медицина қызметкерлерін, пациенттерді және олардың туыстарын оқыту – инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылаудың негізгі элементі

Медицина қызметкерлерін, пациенттерді және олардың туыстарын оқыту – инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылаудың негізгі элементі

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ) бойынша Практиктер қауымдастығы платформасын белсенді түрде дамытуда. Бұл бастама ИПИБ шараларының тиімділігін арттыруға, жұмыс істеп жүрген эпидемиологтар арасында тәжірибе алмасуға, медициналық ұйымдарда озық стандарттар мен инновацияларды таратуға, сондай-ақ инфекциялық бақылау саласындағы өзекті сын-тегеуріндерді талқылауға бағытталған.

2025 жылы 20 наурызда өткен кезекті Қауымдастық кездесуінде «Персонал, келушілер және пациенттер үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру» тақырыбын талқылады. Спикер ретінде University Medical Center Корпоративтік қорының Эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры Анна Сергеевна Гончарова сөз сөйледі.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің құзыреттілігін ескере отырып, ИПИБ бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу мәселесі, персоналды даярлаудың негізгі стратегиялары мен әдістері, сондай-ақ инфекциялардың алдын алуда пациенттер мен олардың туыстарын тартудың маңызы қаралды.

Қазіргі уақытта Қауымдастық чатында 677 қатысушы тіркелген, ал онлайн кездесуге 243 маман, оның ішінде госпитальдық эпидемиологтар мен клиникалық бөлімшелердің өкілдері қатысты.

ҚДСҰО Анна Сергеевна Гончароваға мазмұнды әрі пайдалы баяндамасы үшін алғыс білдіреді.

ИПИБ саласындағы мамандардың бірлескен күш-жігері инфекциялық бақылаудың сапасын арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

1