Конференцияның мақсаты – барлық қауымдастықтарда вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткіштеріне мүмкіндігінше тез жетудің маңыздылығына назар аудару, осылайша бүгінгі және болашақтағы аурулар өршуінің алдын алу.
Конференция аясында медициналық жоғары оқу орындары студенттері арасында ғылыми жұмыстар байқауы өтеді. Жеңімпаздарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Қатысу үшін бекітілген талаптарға сәйкес тезистерді дайындап, 2025 жылғы 31 наурызға дейін келесі электрондық мекенжайға жолдау қажет: epid@npc-ses.kz.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефонына хабарласуға болады: +7 708 556 6733 – Сатаева Айгүл Мангуровна.