ҚДСҰО мен ҚазҰМУ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық

2025 жылы 14 наурызда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) мен С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

“Бұл меморандум ғылым мен білім байланысын нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Біз қоғамдық денсаулық сақтаудың, озық әдістемелерді енгізудің және жоғары білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелерін шешу үшін бар күшімізді саламыз,” – деп атап өтті ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары:
✔ Академиялық мобильдік бағдарламалардың аясында студенттермен, оқытушылармен және ғалымдармен тәжірибе алмасу;
✔ Бакалавриат, магистратура мен докторантураны қоса алғанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау;
✔ Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін халықаралық басылымдарда жариялау;
✔ Дәрігерлер мен оқытушыларға арналған клиникалық тағылымдамалар, практикалық семинарлар және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
✔ Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновациялық медициналық жобалармен және бастамалармен бірлесіп жұмыс істеу.

Өз кезегінде ҚазҰМУ ректоры Марат Едігеұлы Шоранов: “ҚДСҰО-мен ынтымақтастық біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылармен бірлесіп зерттеулер жүргізу, бірлескен академиялық бағдарламалар және практикалық өзара іс-қимыл Қазақстандағы медициналық білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді,”- деп атап өтті.

Меморандумға қол қою қазақстандық медицинаны дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізі болып табылады.