2025 жылы 5-6 наурызда Алматыда «Қазақстан Республикасында туберкулез және туберкулез инфекциясы жағдайларын басқару» атты республикалық семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҰФҒО), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК), Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының (ҚДСҰО), Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының (СЭСжМҒПО) мамандары, сондай-ақ фтизиатрия, эпидемиология және инфекциялық бақылау саласындағы жетекші сарапшылар, ҚР ДСМ өкілдері қатысты.
Іс-шара гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтті, оған 52 адам қатысты, 125 адам онлайн қатысты.
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары З.Д. Ахметова құттықтау сөз сөйледі;
* ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының” Басқарма төрағасының орынбасары М.А. Смағұл эпидемиологиялық мониторинг пен профилактикалық шаралардың маңыздылығын баса айтты;
* ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҰФҒО) директоры М.М. Әденов қазіргі заманғы диагностикалау және емдеу әдістерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар-тренингтің бірінші күнінде Қазақстан Республикасындағы туберкулез эпидемиологиясы (М.М. Әденов) , 2024 жылғы ҚР-да туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал (Г.Ә. Айтымбет) туралы мәселелер, ТБ бағдарламасындағы мониторинг пен бағалаудың жаңа моделі қаралды. ТБ қызметі мен СЭБД мамандарының өзара іс-қимылы. ҚР-дағы ТБ бағдарламасының мәселелері мен басым аспектілері (О.Г. Приходченко), әлемдегі және ҚР-дағы ТБ ауыртпалығын азайтудың заманауи әдістері сөз болды. 2024 жылы туберкулез ошақтарында анықталған кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді анықтау, диагностикалау, алдын алу, емдеу (Ш.Ш. Исмаилов) мәселелерінде туберкулезге қарсы күрестегі парадигманың өзгеруі (А.А. Жүнісова) айтылды.
Екінші күн деректерді мониторингілеу және талдау үшін ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері, шешімдер қабылдау (Е.В. Арбузова), инфекциялық бақылау және ТБ ауыртпалығын төмендету бөлігінде мониторинг және бағалау нәтижелері бойынша жағдаяттық міндеттерді шешу (О.Г. Приходченко, А.А. Жүнісова), ҚР-да ТБ ауыртпалығын төмендетуде үкіметтік емес ұйымдардың қосқан үлесі (Т.А. Маркабаева) туберкулезді анықтау мен диагностикалаудағы инновация, денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектті қолдану (А. Б. Котлеуова) мәселелеріне арналды.
Тренинг соңында қатысушылар ТБ анықтау, инфекциялық бақылау, диагностика мен емдеудің ұлттық хаттамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі, эпидемиологиялық қадағалауды күшейту және туберкулезге қарсы күресте инновациялық технологияларды енгізу жолдарын талқылады.