Сүт өнімдерінің құрамында табиғи қант (лактоза), сонымен қатар қосылған қант болады.
Табиғи лактоза қауіп төндірмейді, ал қосылған қанттың мөлшерден көп болуы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Қант мөлшерін бақылау үшін өнімнің құрамын оқып, табиғи, қантсыз сүт өнімдерін таңдау маңызды.
Лактоза – бұл сиырдың, ешкінің және басқаның да сүтінде болатын табиғи түрдегі қант. Ол ағзада лактаза ферментімен энергия беретін екі қарапайым қантқа – глюкоза мен галактозаға бөлінеді.
Сүт өнімдеріндегі лактозаның мөлшері (100 г):
• сүт (сиыр, ешкі сүті) – 4,5–5 г.;
• айран, йогурт – 3–4 г. (жартылай бактериялармен ыдырайды);
• сүзбе – 2–3 г.;
• қаймақ, кілегей – 2–3 г.;
• қатты ірімшік (чеддар, пармезан) – 0–1 г.
Сүт өнімдеріне қосылатын қант
Өндірушілер дәмін жақсарту үшін сүт өнімдеріне жиі қант қосады. Ол өнім құрамында әртүрлі: сахароза, фруктоза, глюкоза, бал, шәрбаттар (глюкоза-фруктоза, жүгері, үйеңкі шәрбаты), мальтодекстрин атауларымен жасырылуы мүмкін.
Қант мөлшері көп тағамдар:
• жеміс қосылған йогурттар – 8–15 г.;
• тәтті сүт коктейльдері – 10–20 г.;
• қоюландырылған сүт – 50–60 г.;
• десерт сүзбешелері, ірімшіктер – 15–30 г.;
• шоколадты сүт – 10–15 г.;
• ішетін йогурттар – 8–12 г.
Бос қанттың (ДДСҰ-мен) ұсынылатын мөлшері ересек адам үшін күніне 25 г-нан (6 шай қасық) аспауы керек. Көптеген тәтті сүт өнімдері бұл нормадан тез асып түседі.
Сүт өнімдеріндегі қанттың ағзаға әсері
Табиғи қант (лактоза) оған төзімсіздік болмаса, қауіпсіз. Табиғи қант энергиямен қамтамасыз етеді және ішек микрофлорасына жақсы әсер етеді. Артық мөлшерде қосылған қант семіздікке, 2-типті қант диабетіне, тіс ауруларына және зат алмасуының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қантты пайдлануды қалай азайтуға болады?
• Тәтті йогурттардың орнына табиғи йогурттарды таңдаған жөн.
• Шәрбаттардың орнына жаңа піскен жемістерді қосу керек.
• Өнім құрамы туралы ақпаратты оқу керек: бірінші позициялардағы қанттан аулақ болыңыз.
• Тәтті сусындардың орнына қантсыз сүт пен айранды ішкен дұрыс.