Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен сырқаттанушылық туралы 2024 жылғы талдау

2024 жылдың қорытындысы бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар (бұдан әрі – МКБИ) бойынша эпидемиологиялық ахуал ауруханаға жатқызылған 1000 пациентке шаққанда 0,12 (346 жағ. 2024 ж.) 2023 жылдың деңгейінде (0,13 (387 жағ.). 2023 ж.).
Патологиялық процестің локализациясы бойынша МКБИ келесідей: іріңді-септикалық инфекциялар (бұдан әрі – ІСИ) – 265 жағдай (76,6%), зәр шығару жолдарының инфекциялары (бұдан әрі – ЗШЖИ) – 3 жағдай (0,9%), тыныс алу жолдарының инфекциялары (бұдан әрі – ТАЖИ) – 3 жағдай (0,9%), қанайналым жолының инфекциялары (ҚАЖИ) – 20 жағдай (5,8%), басқа инфекциялар – 55 жағдай (15,9%), оның ішінде қызылша – 50 жағдай, сальмонеллез – 2 жағдай, көкжөтел – 2 жағдай, вирустық инфекция (энтерит) – 1 жағдай.
Республика бойынша МКБИ жағдайларын зертханалық растау 2023 жылы 82,4%-ға қарағанда 2024 жылы 78,3% құрады. ІСИ бойынша эпидемиологиялық ахуал 2023 жылмен салыстырғанда 55 жағдайға төмендеумен сипатталады (2023 ж. – 320 жағ., 2024 ж. – 265 жағ.). Тиісінше, 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы ІСИ үлес салмағы 82,7%-дан 76,6%-ға дейін төмендеді. ҚАЖИ анықтаудың оң динамикасы байқалды, бұл сырқаттанушылық көрсеткішінің 2,4 есеге – 2,1%–дан (8 жағ.) 5,8%-ға (20 жағ.) дейін артуынан көрінді. Басқа инфекциялармен сырқаттанушылықтың 11,9%– дан (2023 ж – 46 жағ.) 15,9%-ға дейін өсуі тіркелді (55 жағ).
Жыныс бойынша МКБИ әйелдер арасында жағдайлардың 59,2%-ында анықталды (205 жағ.) және ерлер арасында 40,8% құрады (141 жағ.).
Жас құрамы бойынша 15 пен 49 жас аралығындағы адамдардың 47,1%-ы (163 жағ.) ауруға жиі шалдығады, 50 жастан асқандар 21,4% (74 жағ.), 1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар 16,2% (56 жағ.), 1 айға дейінгі сәбилер 6,6% (23 жағ.), және 1 айдан 1 жылға дейінгі балалар 8,7% (30 жағ.) құрады.
2024 жылы медицина қызметкерлері арасында МКБИ кәсіптік сырқаттанушылықтың бір жағдайы тіркелді (2023 жылы – 4 жағдай). Медициналық ұйымның инфекциялық бөлімшесі мейірбикесінде «Жіті вирустық В гепатиті» жағдайы анықталды. Мейірбикеге сұрақ қою кезінде кездейсоқ жағдайдың – кесіп алынған жарақаттардың орын алғаны анықталды.

Хирургиялық араласу орнындағы инфекциялар (ХАОИ)
Республика бойынша есептік жылы жүргізілген хирургиялық операциялар саны – 719 377 (2023 ж. – 669 040), оның ішінде жоспарлы операциялар 58,1%, шұғыл операциялар 41,9% құрады. 68 ХАОИ жағдайы тіркелді, 1000 операцияға шаққанда ІСИ сырқаттанушылығының көрсеткіші 0,9 құрады (202  ж. – 0,086%, 58 жағ.). Шұғыл хирургиялық операциялардан кейінгі асқынулар 27,9%, ал жоспарлы операциялардан кейінгі асқынулар 72,1% құрады.
68 ІСИ жағдайы тіркелді, оның ішінде локализациясы бойынша: флегмон – 6 (8,8%), перитонит – 1 (2,0%), сепсис – 7 (10,3), операциядан кейінгі жараның іріңдеуі – 26 (38,2%), абсцесс – 6 (8,8%), басқалары – 22 (32,4).
Хирургиялық бейінді медициналық ұйымда ІСИ-дің пайда болу себептеріне келесі факторлар кері әсер етті:
• медициналық персоналдың қолды өңдеу ережелерін бұзуы – 19,1% (13 жағ.);
• пациентке күтім жасау ережелерін бұзу – 11,8% (8 жағ.);
• дезинфекциялау және стерильдеу режимін бұзу – 7,3% (5 жағ.);
• профилактика мен терапияда антибиотиктерді дұрыс қолданбау – 2,9% (2 жағ.);
• операция жасау техникасын бұзу – 2,9% (2 жағ.);
• эндогендік факторды жүзеге асыру – 55,9% (38 жағ.).
2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда зертханалық растау үлес салмағының 87,9%-дан (57 жағ.) 83,8% дейін төмендеуі байқалды (51 жағ.).
Бөлінген ІСИ өсірінділерінің микробтық пейзажы мынадай: стафилококктар – 57,9% (33 жағ.): Staphylococcus aureus – 38,6%, Staphylococcus epidermidis – 12,3%, басқа түрлері – 7,0%. Жағдайлардың 10,5% – ында іріңді көк таяқша, 1,8%-ында шартты патогендік микроорганизмдер, ал 1%-ында стрептококктар бөлінді.

Әйелдерді босандыру мекемелерінде босанудан және Кесарь тілігі операциясынан кейін жаңа босанған әйелдер арасында тіркелген МКБИ
2024 жылы республика бойынша босану саны 354 085-ті құрады (2023 ж. – 384 356), оның ішінде Кесарь тілігі арқылы босану – 82 410 (23,3%), бұл көрсеткіш 2023 жылы 84 0590-ды (22,0%) құрады. Кесарь тілігі операциялар санының азаюына қарамастан, Кесарь тілігінен кейін МКБИ үлес салмағының артуы байқалды, бұл көрсеткіш 72% құрады (61 жағ.). Кесарь тілігі операциясынан кейін ІСИ-мен сырқаттанушылық 1,0-ден 0,7-ге дейін артты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республика көлемінде барлығы 85 ІСИ жағдайы тіркелді, оның ішінде асқынулардың 61 жағдайы немесе 72%-ы Кесарь тілігінен кейін орын алды, физиологиялық босанғаннан кейінгі асқынулар 24 жағдайды немесе 28% құрады.
Босанғаннан кейін МКБИ-мен сырқаттанушылық құрылымында нозологиялар бойынша жағдайлардың 71%-ында эндометрит басым (60 жағ.), операциядан кейінгі жараның орны бойынша іріңді-септикалық инфекциялар 20% (12 жағ.), сепсистер 5% (4 жағ.), іріңді-септикалық инфекциялардың басқа түрлері 5% (4 жағ.), босанғаннан кейінгі жараның орны бойынша іріңді-септикалық инфекциялар 4% (3 жағ.), перитонит 2% (2 жағ.) құрады.
МКБИ-дің пайда болу себептері мынадай:
• асептика және антисептика ережелерін сақтамау – 16 жағ. (19%);
• қолды тазалау ережелерін бұзу – 13 жағ. (15%);
• дезинфекциялау және стерильдеу режимін бұзу – 12 жағ. (14%);
• басқа себептер – 44 жағ. (52%).

Гинекологиялық операциялар мен түсіктерден кейінгі МКБИ
2024 жылы республика бойынша гинекологиялық операциялар саны 104 824-ті (2023 ж. – 105 510), оның ішінде түсіктер 36 073-ті құрады (2023 ж. – 38 835). Асқынулармен бірге 5 ІСИ жағдайы ғана тіркелді, гинекологиялық түсіктерден кейінгі асқынулар тіркелмеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы МКБИ-ді зертханалық растау 80%-ды деңгейде қалды, бөлінген өсірінділердің микробтық пейзажы мынандай: энтерококктар – 25%, ІТБТ – 50%, өсірінділердің басқа түрлері – 25%.

Жаңа туған нәрестелер арсындағы МКБИ
ҚР бойынша жаңа туған нәрестелер арасындағы МКБИ көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда азайып, 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда 0,08-ді құрады (2023 ж. – 0,15). Барлығы 28 МКБИ жағдайы тіркелді. Диагноздарды зертханалық растау көрсеткіші 2023 жылғы 88%-бен салыстырғанда 72% құрады.
Нозологиялар бойынша ІСИ арасында мыналар жиі тіркеледі: сепсистің үлесі 46% құрады (13 жағ.), тері мен тері астындағы тіндердің локализацияланған инфекциялары – 25% (7 жағ.), остеомиелит – 14% (4 жағ.), іріңді омфалит – 11% (3 жағ.), басқа ІСИ түрлері – 4% (1 жағ.).

Зәр шығару жолдарының инфекциялары
Есептік кезеңде республика бойынша зәр шығару жолдарының инфекциясы, жіті цистит диагнозы қойылған зәр шығару жолдары инфекцияларының 3 жағдайы тіркелді, (2023  ж. – 3 жағ.). Ауру қуық қабын ұзақ мерзім катетеризациялау, пациенттің ауыр жағдайы мен егде жасына байланысты ағзаның реактивтілігінің және қорғаныш механизмдерінен төмендеуінен туды.

Тыныс алу жолдарының инфекциясы
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ТАЖИ-мен сырқаттанушылық көрсеткішінің 2 есеге төмендеуі байқалды, сонымен 2024 жылдың қорытындысы бойынша аппараттың ӨЖЖ аппаратында ұзақ (60 және 68 тәулік) болу, трахеостомия (66 тәулік) салдарынан тыныс алу жолдарының инфекциялары, пневмонияының 3 жағдайы тіркелді.