2024 жылы Қазақстанда тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне 750 мыңнан астам зерттеу жүргізілді

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі адам денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанда қауіпті микроорганизмдер мен химиялық заттармен ластанған су немесе тамақ өнімдерінің ағзаға түсуінен болатын ауру жағдайлары жыл сайын тіркелуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша жыл сайын 600 миллион адам ластанған тағамды пайдалану салдарынан зардап шегеді, бұл жер шарындағы әрбір он адамның біріне қатысты, ал 420 000 адам қайтыс болады.

Тамақтан уланудың симптомдары жүректің айнуы, құсу, диарея немесе қызба түрінде болуы мүмкін және бұл әсіресе нәрестелер, жүкті әйелдер және қарт адамдар үшін ауыр тиеді. Аурудың алғашқы белгілерінде дереу медициналық көмекке жүгіну маңызды. Әрбір адамның өмір сүру сапасы тамақ өнімдерінің микробиологиялық стандарттарды сақтау мәселелерін қамтитын эпидемиялық қауіпсіздігіне тікелей байланысты.

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (СЭСжМҒПО) бактериялық инфекцияларды және микробқа қарсы резистенттілікті бақылау референс-зертханасының меңгерушісі Д.К. Аббасова: «2024 жылы санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы бактериологиялық зертханалар ҚР бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне 758 626 зерттеу жүргізді, оның ішінде 8 703 зерттеу кезінде сәйкессіздіктер анықталды, бұл 1,1%-ды құрады», деп айтып өтті.

СЭСжМҒПО деректері бойынша тамақ өнімдеріне жүргізілген зерттеулер нәтижелері мынадай:

  • ет және ет өнімдерін зерттеу 13,9%-ды құрады;
  • сүт өнімдерін зерттеу – 5,6%;
  • көкөніс пен бақша дақылдарын зерттеу – 8,7%;
  • құс өнімдерін зерттеу – 7,6%;
  • суындарды зерттеу – 4,6%, кондитерлік бұйымдарды зерттеу – 2,9%;
  • жармаларды, ұн өнімдерін зерттеу – 3,5%;
  • консервілерді зерттеу – 1,3%;
  • нан және нан-тоқаш өнімдерін зерттеу – 2,4%;
  • балық және балық өнімдерін зерттеу – 1,5%;
  • май-тоң май өнімдерін және сумайды зерттеу – 0,6%;
  • балалар тағамын зерттеу – 0,2%;
  • басқа өнімдерді зерттеу – 47,3%.

Тамақ өнімдері үлггілерін зерттеу кезде анықталған сәйкессіздіктердің үлес салмағы төмендегілерді құрады:

  • ет және ет өнімдерін зерттеу – 4,1%,
  • құс өнімдерін зерттеу – 2,4%, балық және балық өнімдерін зерттеу – 4,1%, басқа өнімдерді зерттеу – 4,1%.

2024 жылы тамақ өнімдерінен патогенді 28 энтеробактерия анықталды. Патогенді энтеробактериялардың ққұрылымында сальмонеллалардың (27 өсірінді) үлес салмағы 96%-ды, шигеллалар (1 өсірінді) 4%-ды құрады.

Патогенді энтеробактериялар бөлінген тамақ өнімдері:

  • құс еті, жұмыртқа және оларды қайта өңдеу өнімдері – жағдайлардың 50%-ы;
  • ет – жағдайлардың 18%-ы;
  • басқа тамақ өнімдері және азық-түлік шикізаты – жағдайлардың 18%-ы;
  • балық және балық өнімдері – жағдайлардың 14%-ы.

СЭСжМҒПО филиалының бактериялық инфекцияларды және микробқа қарсы резистенттілікті бақылау референс-зертханасы тұтынушылар үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патогенді микроорганизмдерге зертханалық зерттеулер жүргізеді. Мұндай зерттеулер мен азық-түлік қауіпсіздігін қатаң бақылау тағамнан болатын аурулардың алдын алу үшін өте маңызды.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне байлынысты барлық сұрақтарыңызды npc@npc-ses.kz электронды мекенжайына жіберулеріңізге немесе +7 727 376 09 11 телефонына хабарласып, білулеріңізге болады.