Қазақстандағы Конго-қырым геморрагиялық қызбасы: 2024 жылғы сырқаттанушылық динамикасы және алдын алу шаралары

Қазақстандағы Конго-қырым геморрагиялық қызбасы: 2024 жылғы сырқаттанушылық динамикасы және алдын алу шаралары

Қазақстанда 2024 жылы Конго-қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) 24 жағдайы тіркелді, бұл өткен 2023 жылмен салыстырғанда 60,0%-ға аз (40 жағдай). Алайда, ауру жұқтыру қаупі әсіресе еліміздің Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қ. сияқты эндемиялық өңірлерінде әлі де сақталуда. Инфекция таралуының негізгі себебі жылдың жылы мезгілдерінде кенелердің белсенділігін жоғалтпауы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (бұдан әрі – СЭСжМҒПО) деректері бойынша 2024 жылы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 4093 адам жүгінді, оның ішінде:

  • Түркістан облысы – 1416 жүгіну (34,6%);
  • Қызылорда облысы – 1371 жүгіну (33,5%);
  • Жамбыл облысы – 681 жүгіну (16,6%);
  • Шымкент қ. – 625 жүгіну (15,3%).

КҚГҚ тудырған асқынқулардың нәтижесінде 3 қайтыс болу жағдайы тіркелді:

  • 1 жағдай – Қызылорда облысы;
  • 1 жағдай – Түркістан облысы;
  • 1 жағдай – Шымкент қ.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2023 жылы 7 қайтыс болу жағдайы тіркелді. Бұл ауруды дер кезінде диагностикалау мен алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетеді.

2024 жылы республика бойынша иксод кенелерінің 15 973 сынамасы Конго-қырым геморрагиялық қызбасына зерттелді (2023 жылы – 16 127), оның ішінде 311 (1,9%) сынама оң нәтиже көрсетті (2023 жылы – 570).

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл жіті вирусты инфекция, ол инфекция жұқтырған кенелердің шағуы және науқас адамның немесе ауру жануардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Ауру өлім-жітім деңгейінің жоғары болуымен сипатталады және шұғыл медициналық араласуды қажет етеді.

Инфекцияның берілу жолдары

Ауру бірнеше жол:

  • Инфекция жұқтырған кененің шағуы (аурудың негізгі берілу жолы);
  • Науқас адамның қаны немесе басқа да сұйықтықтары;
  • Ауру жұқтырған жануарларды ұстаған кезде (мал сою, етті бөлшектеу кезінде) беріледі.

Симптомдар мен асқынулар

Инкубациялық кезең 1 күннен 14 күнге дейін созылады. Аурудың алғашқы белгілеріне мыналар жатады:

• Жоғары температура (40°C-қа дейін).

• Қатты әлсіздік, дененің ауыруы.

• Бастың ауруы және айналуы.

• Қан кету (мұрыннан, қызыл иектен, тері астындағы қан кетулер).

Ауыр жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің, ішкі қан кетудің пайда болуы және комаға түсу мүмкін.

Диагностика және емдеу

Ауру диагнозы зертханалық зерттеулермен (ПТР, серологиялық зерттеулер) расталады. Спецификалық ем жоқ, терапия өмірлік маңызды функцияларды сақтауға және симптомдармен күресуге бағытталған.

Алдын алу

ДДСҰ және Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мынадай кеңес береді:

  • Кенелердің белсенділігі жоғары жерлерден (далалар, жайылымдар, ағаштар мен бұталар) аулақ болу керек.
  • Жабық киім киіп, репелленттер қолданған жөн.
  • Табиғаттан келген кезде теріні тұрақты түрде тексеріп тұру қажет.
  • Кенелерді дұрыс – жаншымай алу керек.
  • Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қызметкерлерінің қорғаныш киім киюі қажет.
  • Кене шаққан жағдайда дереу дәрігерге көріну қажет.

СЭСжМҒПО директоры А. Қуатбаева: «2024 жылы КҚГҚ-мен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі халықты хабардар ету деңгейінің артқанын және алдын алу шараларының тиімділігін көрсетеді. Дегенмен, инфекция қаупі әлі де бар, әсіресе эндемиялық аймақтарда жылы мезгілде сақталады, сондықтан сақтық шараларын сақтау маңызды», – деп атап өтті.