Бүгін, 2025 жылы 20 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы Елдік кеңсесінің алаңында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны ДДҰ Елдік кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК), ҚР ДСМ СЭБК Санэпидбақылау департаментінің, ДДҰ Елдік кеңсесінің, “Қызыл Жарты Ай қоғамы” қоғамдық бірлестігінің және UNICEF өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел тәуекел-коммуникация және қоғамдастықты төтенше жағдайларға (ТЖ) дайындық және ден қою процесіне тарту мәселелеріне арналды. Талқылау барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтық қоғамның өкілдері ТЖ жағдайында халықпен тиімді өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін қарастырды.
Кездесудің негізгі мақсаты тәуекел-коммуникация тетіктерін жетілдіру арқылы елдің ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын арттыру үшін нақты қадамдарды айқындау болды. Сарапшылар азаматтарды ықтимал қауіптер мен ден қою шаралары туралы уақтылы, сенімді және ашық хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің соңында тәуекел-коммуникация стратегиясын жақсарту туралы ұсынымдарды әзірледі; қоғамды ТЖ-ға дайындық және ден қою мәселелерінен хабардар етуді және тартуды арттыруға бағытталған бастамаларды ұсынды.
Ұйымдастырушылар кездесу қорытындысы Қазақстан халқының денсаулығын қорғау және тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.