Аккредиттеу: шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін кеңейту

2025 жылы 19 ақпанда Алматы қаласында Ұлттық аккредиттеу орталығы ұйымдастырған форум өтті.
Форумға директордың санитарлық-гигиеналық қызмет жөніндегі орынбасары Ғ.Д. Надуев пен жұқпалы аурулардың алдын алу департаменті директорының орынбасары А.Т. Искакова қатысып, сала сарапшыларымен тәжірибе алмасты және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жаңа бастамаларды талқылады.
Халықаралық аккредиттеу ұйымдары 2025 жылдың ұраны «Аккредиттеу: шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін кеңейту» болады деп жариялады, оған сәйкес сәйкестікті бағалау жүйесі тұтынушыларды қорғаудың және адал бәсекелестікті дамытудың кілті болып табылады.

Біздің аккредиттеу аттестаттары:
 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» ҚР СТ ISO 15189-2015
 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17025-2019
 МемСТ ISO/IEC17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар талаптар талаптарына сəйкес аккредиттелген»
https://rk-ncph.kz/inform/attestation# қараңыз
Қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша «Бір терезе» консультанттарына 7 (727) 375-94-07 телефоны арқылы өтініш білдіріңіздер.